Зиябек Қабылдинов: Жастар тарихтан тағылым алуға тиіс

Ермұхан Бекмахановтың ұлттық тарих ғылымында алатын орны ерекше. Жуырда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жас тарихшы ғалымдар арасында Е. Бекмаханов сыйлығына байқау ұйымдастыратынын хабарлаған болатын. Осы ретте институт директоры Зиябек ҚАБЫЛДИНОВПЕН әңгімелескен едік. 

Егемен Қазақстан
17.10.2017 3799
2

– Зиябек Ермұқанұлы, қазақ тарихының ғылы­мында шоқтығы биік тұл­ғаны еске алып, жас ғалым­дарға қолдау көрсетіп жатыр екенсіздер...

– 80 жыл бұрын ғылым­дағы айтулы еңбек жолын бастаған Е.Бекмаханов­тың өткен ғасырдың 40-жылдары қазақтың соңғы ханы – Кенесарының, отаршылық­қа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары мен батырлардың өмірін зерттегеннен кейін көрмеген құқайы жоқтығын білеміз. Оның «ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақ­стан» атты еңбегінің жарық көргеніне биыл 70 жыл толып отыр. Осы ретте жас тарихшылар үшін арнайы әрі мақсатты салалық байқаулардың сирек жүргізілетінін ескеріп, Ер­мұхан ағамыздың жұбайы Хали­ма Адамқызына жолы­ғып, оған осындай байқау ұйым­­дастыру ісін қолға алып жатқанымыз туралы айттық. Заңғар тұлғаның өмірлік серігі бұл бастаманы қуана қа­былдап, ақ батасын берді.

– Сонда байқау бір тақы­рып аясын ғана қамти ма?

– Ұлт тарихын жаңғыр­ту жолында қазаққа төл тарихын ­танытуға күш салған Е.Бек­махановтың өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы, шы­ғар­машылығы талай зерттеу­лерге арқау болатыны мәлім. Дегенмен ағымдағы жылдың қазақ тарихындағы айтулы даталарға толы екенін ескеріп, бағыттардың аясын кеңейтуді жөн көрдік. Оның алғашқысы, «Рухани жаңғыру және тарих ғылымы: жаңа мәселелер мен міндеттер» тақырыбына арналады. Халқымыздың азаттық үшін күресінде Алаш қозғалысының алатын орны айрықша. Арада бір ғасыр өтсе де Алаш зиялыларының тарихын толықтай танып, тереңнен зерделеп болған жоқпыз. Сон­дықтан ақтаңдақтарды зерттеуде сарғайған архив құжат­тарын ашып, жарқын болашақ үшін өмірлерін құрбан еткен Алаш қайраткерлерінің тарихи және ғылыми мұрасын зерттеуге жас ғалымдар өз үлесін қосу қажет деген оймен «Алаш қозғалысына – 100 жыл: тарихы мен тағылымы» атты бағыт таңдалды. Келе­сі үлкен тақырып. «Қуғын-сүр­гін қасіреті: ұлт зиялы­лары­­ның тағдыры мен мұра­сы». Биыл «үлкен террордың» басталғанына 80 жыл толып отыр. Қуғын-сүргін қазақ тарихындағы қаралы кезең­дердің бірі. Өмірлері мезгілсіз үзілген ұлт зиялы­ларының соңындағы мұраны зерттеумен тану да бүгінгі жастың мін­деті. Бұдан да өзге қазақ тарихына қатысты тақырыптар қамтылған.

– Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар қан­дай?

– Біріншіден, жас ғалым­дардың жасы 35-пен шектелді. Байқауға ұсынылатын мақа­лалар ғылыми жұмыс­тарға қойылатын талаптарға жауап беруі керек. Қолданылған әдебиеттер мен деректер көр­сеткіші келтіріліп, қойылған мәселе ғылыми архив құжат­тарының мәліметтері арқы­лы, түпнұсқалық деректердің көмегімен ашылуы шарт. Байқау жұмыстарына қойы­латын басты әрі ортақ талап – ғылыми жаңалық. Қазан айының аяғында осы жұ­мыс­тардың барлығын жинап, топтастырған соң, инс­ти­туты­мыздың белді ғалым­дарынан құралған арнайы комиссия өз жұмысын бастайды. Ал жас ғалымдар еңбектерін 10 қазанға дейін Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің электронды поштасына жіберуіне болады.

Байқаудың жалпы ұтыс қоры екі миллион теңгеге жуық. Оның ішінде байқау жеңімпазына 500 мың теңге берілді. Ал іріктеуден өткен жұмыстардың барлығы инс­титуттың сайтында, «Edu.e-history.kz» электронды журналында, сондай-ақ «Отан тарихы» журналында жарияланатын болады.

– Институт назарындағы өзге де жұмыстарға тоқтала кетсеңіз.

– ЭКСПО-2017 халықара­лық көрмесіне байланыс­ты Астана тарихын қазақ және ағылшын тілдерінде дайын­дап, Ш.Уәлихановтың этно­графиялық және тарихи мазмұндағы мақалалары мен жұмыстарын іріктеп, таңдаулыларын орыс тілінде жеке кітап ретінде әзірледік. Енді шет тіліне аудару мәсе­лесін қарастырып отырмыз. Лондонда атақты Томас Аткин­сонның ұрпақтары ағылшын тіліне тәржімалауға даяр екен­діктерін айтты. Қазақтың танымал тарихи тұлғаларын әлем­ге танытуымыз керек. Одан басқа шетелдік туристер үшін «Қысқаша Қазақстан тарихын» қазақ тілінде құрас­тырдық, енді мүмкіндік болса өзге де тілдерге аударамыз. Себебі Қазақстанға келген қонақтарымызға қазақ хал­қының тарихымен таныс­тыра­тын жеңіл әрі ғылыми-көп­шілік тілмен жазылған еңбекті ұсынуымыз қажет.

– Еліміздің тарихы ұзақ жылдар бойы өзгенің көзімен жазылып келді, бұрмаланды. Осы ретте жалпы елдік тұр­ғыдағы «Тарихи энцикло­педия» қажет емес пе?

– Сұрағыңыз өте орынды. Қазіргі уақытта бірқатар посткеңестік елдердің ғалым-тарихшылары өздерінің тарихи энциклопедиясын құрас­тырып, оны қолданысқа енгізді. Өкінішке қарай, біз бұл бағытта кенже қалып қойдық. Кеңес дәуірінде еліміздің тарихшылары 16 томнан тұратын «Кеңестік тарихи энциклопедияны» кеңі­нен пайдаланды. Ал бүгінде республикамыздың әр облысы өңірлік энциклопедиялар жасап шығарды, барлығымызға ортақ 10 томнан тұратын «Ұлттық энциклопедиямыз» да бар. Ол тек қазақ емес, орыс және ағыл­шын тілдерінде де жарияланды. Бірақ бұл аз. Соңғы ширек ғасырда тарих ғылымының қарқын алып дамуы, айналымға көп көлемде жаңа мәліметтер мен мағлұматтардың енуі, қазақ тарихына арналып жазыл­ған том-том кітаптардың жарық­қа шығуын ескерсек, мұн­дай академиялық және анық­тамалық басылым бізге аса қажет. Өйткені тарихымыз жаң­ғыру үшін қазақ тарихы туралы анықтамалық деңгей­дегі кем дегенде 5 томнан тұратын салалық арнайы энциклопедия керек-ақ. Оның үстіне, осыдан 2 жыл бұрын институттың бір топ ғалымдары тарихтың терминология­лық сөздігін жарыққа шығаруға қатыс­ты. Бізде білікті маман да, жинақталған мол тәжірибе де бар. Уақытты ұтымды пайда­лану үшін институт қызмет­керлері «Қазақстан тарихи энциклопедиясын» құрастыру бағытындағы жұмысты бастап кетті.

Әңгімелескен

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу