Тартысқа толы «Түркия туры»

Биылғы веломаусымды біз Франциядағы «Тур де Франс» пен Испаниядағы «Ла-Вуэльта» жарысынан кейін жылдың нүкте қояр жарысы «Түркия турына» атбасын тіредік.  

Егемен Қазақстан
17.10.2017 7280
2

Жастар жарқылдайтын жарыс

Түрік бауырларымыздың бұл жарысы биыл 53-рет өтті. Бас­тауын сонау 1963 жылдан алады. Тек осыған дейін біркүндік, кейіннен үш күндік болып, ақыры бір апталық жарысқа дейін көтерілген. Тек өткен жы­лы ғана осы дода әлемдік тур­лардың қатарынан орын алды. Яғни Халықаралық велоспортшылар қауымдастығы бұл доданы өз күнтізбесіне қосты. Ал бұл жолы кәнігі кәсіпқой командалар қатысты. Олардың саны көп те емес. Жалпы қатыс­қан 13 команданың тек алтауы ғана «Pro» командалар. Олар­дың ішінде біздің «Астана» ко­мандасы да бар. Ал жалпы жа­рысқа қатысқан танымал ша­бандоздардың ішінде гранд-турлар кезеңінде жеңіске жетіп жүрген сайыпқырандар болды. Мысалы, колумбиялық Дарвин Атапума, италиялық Диего Улис­си, чехиялық Леапольд Кео­­нигтер бұрыннан танымал мықтылар. Ал қазақстандық команда сапында бұл жолы негізгі үміт Андрей Зейц пен Иеспер Хансенге артылды. Одан бөлек жақында ғана келісімшартын ұзартқан Руслан Тілеубаев бар. Ол өткен жылы Қытайда өт­кен «Хайнянь турының» бір кезеңін жеңген еді. Одан бөлек бола­шағынан зор үміт күтетін жастарымыздың бірі Жандос Бижігітов қатысты. Жылдамдығы жоғары Рикардо Миналли деген италиялық спринтеріміз де осал емес. Жалпы алғанда «Түркия турына» «Астана» мықты құраммен келді. Команда тізгінін бұл жолы спорттық директор Дмитрий Седун ұстады.

Беннеттің білгірлігі

Бірінші күнгі спринтте бас­ты назар Рикардо Миналли де болды. Спринтерлік жарыс­тарда жүлде алып жүрген велошабандоз алдыңғы қатарда келгенімен жүлдегерлер қата­рына ене алмады. Соңғы бұры­лыста велосипедінің дөңгелегі жа­рылып, қырсық шалды. Бірінші күннің жарысын Сэм Беннет деген «Бора Хэнгсгрох» командасының спринтері жеңді. Екінші күні кеткен есені Миналли қалпына келтірді десек те болады. Әріптестерінің жақсы қимылынан кейін алға озып шыққан Миналли әлгі Беннетке қарағанда қас-қағым сәтке қалып кетті. Үнемі пелетонның соңында жүріп, дер кезінде шабуылға ыт­­қып шыға кететін Беннет бі­лікті екенін білдік. Себебі, ол үшін­ші кезеңді де жеңді. Осы ортада біздің бір шабандозы­мыз Сергей Чернецкий жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалды. Яғни командамыз өзгелер секілді 8 шабандозбен емес, 7-еумен қалды. Мұның өзі біз­дің команданы сәл де болса әл­сіреткені рас. Алайда, төртінші таулы кезеңде командадағы жігіттер Чернецкийдің жоқтығын білдіртпеуге тырысты. Соңғы 30 шақырым қалғанда Дмитрий Груздев алдыңғы қатарға түсіп, Зейц пен Хансенді алға жетеледі. Өзі шаршаған соң, кезек Зейцке келді. Андрей тауға қарай өр­мелеуде мықты екен, соңғы үш шақырым қалғанға дейін Хан­сенді жетелеп келді. Одан кейін алға ұмтылған даниялық шабандозымыз Диего Улиссимен тайталасты. Оның да аңдығаны осы екен, керекті сәтте шап беріп алға озды. Дегенмен екінші орынның өзі де жаман емес. Хансен мәреге Улиссиден 5 секундтан кейін келді.

Тарихтың тәлкегі

Осы ортада бір қызықты оқи­ғаның бетін шалсақ. «Түр­кия туры» жарысының ресми ақпараттарының ішінде жа­рыстың тарихы жазылған па­рақтарды көрдік. Қазақстанның екі шабандозы Сергей Лав­ри­ненко мен Александр Дья­ченко Қырғызстанның туымен белгіленіпті. Ал 1995 жылы жеңімпаз атанған, марқұм Андрей Кивилев тіпті Ресей азаматы деп көрсетілген. Кейіннен Александр Винокуровтан сұрап білгенімізде, бұл жағдай тіпті өзгеше болыпты. Жарыстың жеңімпазын түріктер басқа шабандозды көрсетіп, шатасқан екен. Сосын, оны байқаған Алек­сандр «Түркия турын» ұйым­дастырушыларға фотолармен дәлелдеп көрсетіп беріпті. Ол суретте Андрей Кивилев 1995 жылы «Түркия турын» жеңіп, қолында гүл ұстап тұр. Міне, осылайша, жарыстың тарихы да осылай түзелді. Ал енді 1991 жылы осы доданы кім жеңгені әлі күнге дейін белгісіз.

Хансен екінші орында

Шапшаңдар шашаларына шаң жұқтырмай жеңіске жетіп жүрген шақта, таулы кезеңге де келіп жеттік. Жарыстың төр­тінші күні көп мәселенің бетін ашты. Жарыстағы ең мық­ты шабандоздардың бірі Диего Улисси Біріккен Араб Әмір­лік­терінің командасына жеңіс сыйлады. Жаңадан құрылған жас команда сапындағы италиялық өзіне артылған сенімді ақта­ды. Онымен тең дәрежеде тай­таласқан «Астана» шабандозы Иеспер Хансен екінші орыннан көрінді. Жас даниялық спорт­шы елорда ұжымының бола­шағына баланады. Өз отандасы Якоб Фульсангтің жолын жалғастырамын деп тебініп тұр. Одан кейінгі 5-6 кезеңдерде спринтерлер қайтадан ойнақ сал­ды. Бірде Беннет, бірде Тюнс жеңімпаз болды. Ал ең басты есептегі екінші орын біздің еншімізде кетті.

Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан» – Түркиядан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу