Аймақтар • 17 Қазан, 2017

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары - Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлын таныстырды.

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Ғабидолла Оспанқұлов 36 жаста. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген. 2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) магистр дәрежесін қорғаған.

Жаңа орынбасар еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған. Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас консультанты; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі; Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарған. Оралға келгенге дейінгі соңғы қызметі - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеген екен.

«Орталықтан – өңірге» ротациясы бойынша тағайындалған жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырған Алтай Көлгінов Ғ.Оспанқұловқа жемісті еңбек тіледі.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»