Жапониядағы парламент сайлауы: Абэнің алаңдауына негіз жоқ

Жапонияда парламенттің төменгі палатасының кезектен тыс сайлауы 22 қазанда өтеді. Межелі мерзім жақындаған сайын «Күншығыс елінде» саяси пікірталас қызып, кімнің қосқан «жүйрігі» үздік шығатынын талқылау басталып кетті. 

 
Егемен Қазақстан
18.10.2017 1023

Корей түбегіндегі жағдай шиеленіскен тұста ел премьер-министрі Синдзо Абэ жалпы сайлау өткізу туралы әңгіменің ұшығын шығарған. Жапонияның төменгі палата мүшелері 4 жыл мерзімге жалпы дауыс беру арқылы сайланады. Осыған сәй­кес, парламент мүшелеріне берілген өкі­­ле­ттілік келер жылы желтоқсанда аяқ­та­латын еді. Премьер-министр елдегі жағ­дай­ды жақсарту мақсатында қыркүйекте төменгі палатаны таратқан болатын. 

Алдағы сайлауда 8 саяси партия өз бағын сынап көрмек. Жергілікті Kyodo агенттігі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, Абэ басшылық ететін Либералды демокра­тиялық (ЛДП) партияның мерейі үстем болуы тиіс. Елдегі Asahi мен Nikkei газет­тері де осындай пікірді ұстанады. Ата­л­ған басылымдар жүргізген сауалнамада да ха­лықтың басым бөлігі ЛДП-ны қол­дайтынын жеткізді. 

Мұндай басымдыққа қарамастан, С.Абэ­нің қаупі сейіле қоюы екіталай. Рейтер агент­тігі Токио мэрі Юрико Коикэ­нің жаңа «Kibo no To» («Үміт» пар­тия­сы) партиясын құруы премьер-министр­ жоспарының күл-талқанын шығаруы мүм­кін деп есептейді. Өйткені біраз жыл төменгі палата құрамына енген, қор­ға­ныс министрі болып қызмет атқарған Ю.Коикэ ЛДП жақтастарының біразын соңы­нан ертіп кетті. Әрі алдағы сайлауда Либералды демократиялық партияға негізгі қарсылас саналып отыр. ЛДП бас­таған коалиция алдыңғы сайлауда пар­ламенттің төменгі палатасындағы орын­дардың үштен екісін жеңіп алған бола­тын. Агенттіктің пайымдауынша, мұндай басымдықтан айырылып қалу демо­краттар үшін жеңіліспен пара-пар.
С.Абэ сайлау науқанындағы алғаш­қы үндеуін қарсыластарының сөзіне тиісуден бастады. «Біздің болашағымыз ұрандар мен әдемі сөздерден құралмайды. Келешек біз жүргізген саясатқа байланыс­ты. Сондықтан шегінерге жол жоқ», деді премьер-министр. Біраз бұрын Ю.Коикэ өз партиясының ұранын «Жапония үміті» деп бекіткен-ді. Содан бері әр жиында Токио мэрі бірнеше мәрте «Жапонияға өзгеріс қажет» деп би­лік­­тегілерді сөзбен түйреумен болған. С.Абэ «Kibo no To» ұранына шүйлігуі де сон­дықтан. Әрі Жапония премьер-министрі сая­си қарсы­ласын сөзбен тұқыртып алуды көздегені анық. 

Билікке таласып жатқан негізгі екі пар­­тияның ұқсастықтары мен айырмашы­лықтары жетерлік. Мәселен, ЛДП да, «Kibo no To» де қауіпсіздік пен сыртқы сая­сатқа қатысты бірдей көзқарас ұстанып отыр. Екі партияда да Солтүстік Кореяға санк­­ция салуды қолдап, 2015 жылы қабыл­дан­ған әскери әрекетті кеңейтуді көздейді. Сон­дай-ақ Коикэ екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін қабылданған елдегі консти­туцияға өзгеріс енгізу жөніндегі Абэнің пікірін қолдайтынын мәлімдеген-ді. 

Саясатта консенсусқа келген премьер-министр мен «Kibo no To» партиясы же­тек­шісінің экономикалық мәселе­дегі көз­қарасы екіге жарылды. Ю.Коикэ Жапония 2030 жылға қарай атом энер­гиясынан бас тарту керек деп есептейді. Сонымен қатар Токио мэрі табыс салығын көтеруге түбе­гейлі қарсы. Өз кезегінде С.Абэ атом энер­гиясын «Күншығыс елінің» болашағымен тығыз байланыстырады. Табыс салығын көбей­ту де осы Абэ бастаған ЛДП-ның ұста­нымы екені белгілі.

Bloomberg-тің пікірінше, Абэнің алаң­дауына негіз жоқ. Бастапқыда атағы жер жарған Коикэнің партиясы уақыт өте келе ішкі кикілжіңнің әсерінен әлсірей бастаған сыңайлы. Нәтижесінде ЛДП мен оның коалициясына енетін «Комейто» пар­тиялары қазіргі тұрақсыздыққа қара­мас­тан жеңіске бір табан жақын тұр. Соны­мен қатар Bloomberg Корея түбе­­гін­дегі қайшылық та С.Абэнің абыро­йын асқақтатуы мүмкін еке­нін айта­­ды. Қазір­гі премьер-министр Сол­түс­тік Корея­ның бал­листикалық ракета ұшырды деп айып­тап, әлем елдерін әрекет етуге бір­неше рет шақырды. Өз кезегінде мұн­д­ай мәлімдемелер С.Абэнің айбынын асы­рып, жаманын жасыратыны анық. Соңғы жүргізілген сауалнама бойынша, жапондар ең әуелі ұлттық қауіпсіздікті жоға­ры қоятынын жеткізген-тұғын. Енде­ше аспанынан баллистикалық зымыран дүр­­кін-дүркін атқылаған Солтүстік Корея­­ны әрдайым айыптайтын Абэнің қа­­лың бұқара қолдауына ие болатын күні таяу. 

The Economic Times басылымы «Kibo no To» партиясы танымалдығының төмен­деуіне Ю.Коикэнің өз кандидатура­сын премьер-министрлікке ұсынбауы әсер етті деп түсіндіреді. Яғни партияға дауыс беретіндер елдегі екінші тұлға ретін­де кімді сайлайтынынан хабарсыз. Сон­дық­тан келешегі көмескі «Үміттен» гөрі, бұрыннан сыралғы ЛДП-ны қолдағанды жөн көреді. 

Live Mint интернет порталы Юрико Коикэ секілді өзгеше ұстанымы бар тұлға­ның сайлауға белсене араласуы С.Абэні тағынан түсірмесе де, елдегі саяси шешім­дерді ел игілігіне бұруға көмектеседі деп баға­­лайды. Мәселен, ЛДП мен елдегі бедел­ді партияның бірі «Комейто» 2019 жылы тұтыну салығын 10 пайызға дейін өсіру жөнінде ұсыныс тастаған болатын. Алайда Коикэ керісінше салықты азайту жөнін­де жиі айтып жүр. Ел басқарудан үміт­кер екі партияның мұндай екі түрлі бағыт ұстануы, әлбетте «Күншығыс елін­дегі» қарапайым халық үшін өте тиімді.

Азиядағы іргелі әріптестеріміздің бірі санала­тын Жапониядағы жағдай Қазақ­станды бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Оған себептер өте көп. Мәселен, Елбасы Н.Назарбаевтың ядролық қару­дан бас тарту жөніндегі шешімін Жапо­ния тарапы жоғары бағалайды. Соны­мен қатар Жапония – Қазақстан тәуел­сіз­дігін алғаш болып мойын­даған елдер­дің бірі. Екі ел арасындағы дип­ло­ма­тия­лық қарым-қатынастар 1992 жылғы 26 қаңтарда орнаған бола­тын. Содан бері самурайлар елімен ты­ғыз әріптестік байланыс ұстап келеміз. Мәсе­лен, 2005 жылы екі ел үкіметі арасында техни­ка­лық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Табыс салығын реттеу жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Үш жыл бұрын инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы мемлекетаралық келісім күшіне енген-ді. 

Жапондар мен қазақтарды тарихи оқиға да байланыстырады. 1945 жылы Хи­ро­сима мен Нагасакиге тасталған атом бом­басы «Күншығыс елін» қан қақ­сат­ты. Сон­дық­тан Жапония ядролық қару­дың қаупін басқаларға қарағанда жіті түсінеді. Біздің еліміздегі Семей өңірі де атом бомбасын сынау алаңына айналғаны белгілі. Ендеше екі елді тағдырлас әрі мұңдас деп айтсақ қате­лес­пейміз. Осыған орай 2011 жылғы 6 мамыр­дан бастап атом энергиясын бей­біт мақсатта пайдалану жөніндегі екі ел ара­сын­дағы өзара келісім күшіне енді. 

«Күншығыс елінің» Қазақстанға құйған инвестициясы да қомақты. Жапонияның 2005-2015 жылдар аралығында елімізге құйған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 6,2 миллиард долларды құрайды. Өзара сауда айналымы 2015 жылы 1,4 мил­лиард АҚШ долларына жетті. Былтыр Токиода өткен екі ел өкілдері қатысқан Бір­лес­кен комиссияның 6-шы отырысында құны 1,2 миллиард долларды құрайтын 13 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Азиядағы осындай іргелі елмен дип­ло­матиялық қарым-қатынас орнатқан Қазақстан Жапониядағы кезектен тыс парламенттік сайлауды жіті қадағалай­ды. Жаңа сайланған төменгі палата ел премьер-министрін тағайындайды. Енде­ше екі ел арасындағы әріптестік байла­ныс­­тың одан әрі нығая түсуі «Күншығыс елін­­дегі» пар­ламенттің тізгінін кім ұстай­тыны­мен де тығыз байланысты. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2018

Қазақстанның алты облысында жол жабылды

22.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

22.01.2018

Аур райына байланысты Қазақстанның оңтүстік облыстарында ескерту жарияланды

22.01.2018

Нью-Йоркте Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері кездесті

22.01.2018

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

22.01.2018

Шолақсор ауылында аяз 43  градусқа жеткен

22.01.2018

Астанада «Вокал сиқыры» атты концерт өтті

22.01.2018

Алматыдан Әл-Кувейтке дейін...

22.01.2018

Аяз ақырып тұр (фото)

22.01.2018

Дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа белесі

22.01.2018

Ұлыбритания ветеринария колледжі: Киік неге қырылды?

22.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

22.01.2018

Исекешев «Астана LRT» ЖШС-ның жаңа басшысын таныстырды

22.01.2018

Алматы облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.01.2018

ҚР СІМ Ауғанстандағы террорлық шабуылды айыптады

22.01.2018

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

22.01.2018

 Қостанай облысында 88 жастағы қария аяздан аман құтқарылды

22.01.2018

Тірлігі тиянақты Түпқараған

22.01.2018

Атырау қаласы тұрғындары Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

22.01.2018

«Елбасы қойған тапсырманы орындауға Батыс Қазақстан облысындағы компаниялардың мүмкіндігі жетеді»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын­­ды бір-біріне қарсы қойған ғалам­дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-бірі­не жат қылып отыр. Жақындату тү­гі­лі кейде бір-біріне деген жаулық ни­­ет­терін де жариялап, бітіспейтін көз­­қараста екендіктерін білдіріп қоя­ды.  

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу