Қазақстан • 18 Қазан, 2017

Душанбеде араб экономикалық ынтымақтастығы форумының отырысы өтті

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов бастаған қазақстандық делегация 2017 жылғы 16 қазанда Душанбе қаласында өткен Орталық Азия елдері мен Әзербайжанмен араб экономикалық ынтымақтастығы Форумының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Душанбеде араб экономикалық ынтымақтастығы форумының отырысы өтті

Форумға Араб мемлекеттері лигасының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы әрі Джибутидің Сыртқы істер министрі Махмұд Әли Юсуф және Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы Ахмад Әбілгейт қатысты. Форум жұмысына Түрікменстан байқаушы ел ретінде қатысты.

Форумның ашылуы рәсімінде сөз сөйлеген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон дамыған араб елдердің қаражаты есебінен дамып бара жатқан мұсылман елдеріне жәрдем беру Қор құруды ұсынды.

А.Камалдинов өз сөзінде форумның экономикалық әлеуетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларын да баршаның пайдасына іске асыру үшін барынша пайдалануға шақырды.

Форум аясында араб елдері және Орталық Азия мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелермен қоса өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері де кеңінен талқыланды.

Іс-шара бітісімен қабылданған Душанбе декларациясында форум қатысушылары оның бұл формат шеңберінде ықпалдастықты одан әрі дамытуға бағышталған қазақстан тарапының халықаралық бастамаларына қолдау білдірілді. Форум қарсаңында, яғни 15 қазан күні Душанбеде іс-шараға қатысушы елдердің Жоғары лауазымды тұлғалардың босқосуы орын алды.

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанмен араб экономикалық ынтымақтастығы форумы Сауд Арабиясы Корольдігінің бастамасымен құрылған жиын. 2014 жылғы мамыр айында Эр-Рияд қаласында қазақстан тарапының қатысуымен өткен форумның тұңғыш отырысының қорытындылары бойынша Рияд декларациясы қабылданып, Араб мемлекеттері лигасы мен Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Душанбеде өткен форум жұмысына 28 елдің, олардың ішінде Араб Мемлекеттері Лигасының 21 мүше елдің және Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттерінің делегациялары қатысты.