Қазақстан • 18 Қазан, 2017

Алматыда VII Орта Азия сауда форумы өтіп жатыр

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Сауда, көлік және көкөніс шаруашылығы секторын дамытудың келешегі» тақырыбына арналған форум жұмысына Азия және Еуропа құрлығынан 18 мемлекеттің өкілдері қатысуда. 

Алматыда VII Орта Азия сауда форумы өтіп жатыр

Фото: catradeforum.org

Сауда-саттық бизнесі мен өнім өндіруші, тасымалдаушы мен делдал компаниялардың бес жүзге жуық өкілі осы шарада бас қосып, өз кәсіптерін өркендетудің жолдарын талқылауда.

«Қазақстанның сыртқы сауда байланысында айтарлықтай даму жолы қалыптасты. Әсіресе, еліміз көлік логистикасын жолға қою арқылы, құрлықтар арасын жалғайтын қуатты көпірге айналды. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолында құрғақ порттар қызметінің маңызы ерекше. Қаржы мен уақыт үнемдеу үшін таптырмайтын жол. Қазақстан әлемге осы жолды ұсынды», деді форумда сөз алған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Екі күнге жалғасатын форум жұмысы аясында саясаткерлер мен бизнес өкілдері, тауар өндірушілер мен делдалдар Орта Азия аймағындағы аграрлық саясат пен өндіріс мүмкіндігін сараптап, тиімді шарттар жасауға ниетті.

Қалмаханбет Мұқаметқали,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ