Аймақтар • 18 Қазан, 2017

Алматыда Медеу мұз айдынында коньки тебу маусымы басталады

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медеу мұзайдынына 45 жыл

Алматыда Медеу мұз айдынында коньки тебу маусымы басталады

21 қазан күні Медеу мұзайдыны Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарын коньки тебу қысқы маусымының ашылуына шақырады.

 Спорттық шара құрметіне келушілерді концерттік бағдарлама, xаскилермен фото аймақ және түрлі сайыстар күтеді.Бағдарлама бойынша қонақтар негізгі саxнада кішігірім концертті тамашалай алады. Ал кішкентай бүлдіршіндер xаскилермен естелік суретке түсіп, аниматорлар мен клоундармен бірге көңіл көтере алады.

Медеу мұзайдынына биыл 45 жыл толып отыр. Мұзайдын әкімшілігі бұл маусымның ерекше болатынын атап өтті. Сондай-ақ, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында қалаушыларды коньки тебуді тегін үйрету, қысқы фестивальдер және тағы да басқа шараларды ұйымдастыру жоспарда бар екенін айта кетті.