Әлем • 19 Қазан, 2017

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сәрсенбі күнгі шикізат сауда-саттығында мұнайдың бағасы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,27 долларға дейін қымбаттап, 58,15 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,16 долларға қымбаттап, 52,04 долларды құрады.