Қазақстан • 19 Қазан, 2017

Сағынтаев «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің бапасөз қызметі. 

Сағынтаев «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді

Отырыс барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Ағымдағы жағдай туралы ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Атырау, Алматы, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері баяндады.

Сондай-ақ, «Kaz Waste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықтың атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина, «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенко және т. б. сөз сөйледі.