Әлем • 20 Қазан, 2017

Ыстанбұлда «Баға­­лау саласының ұлттық әлеуеті» атты конференция өтті

225 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты – өз хал­қы­ның әл-қуатын арттыру. Ал халықтың әл-қуаты экономикалық қа­жет­тілікті өтеумен ғана емес, мемлекеттік қызмет көр­сетулерді жоғары деңгейде жүзеге асыру арқылы да артады.

Ыстанбұлда  «Баға­­лау саласының ұлттық әлеуеті» атты конференция өтті

Қазақстанда Мемлекеттік қыз­­­мет көр­сету жүйесі әлем­нің ал­­дың­ғы қатарлы тәжіри­бе­ле­рі­не жақын­дап келеді. Оған Қазақ­­стан­да құрылған БҰҰ Даму Бағ­­дар­л­а­масының Мемлекет­тік қыз­­мет саласындағы Астана­дағы Өңір­­лік хабы да игі әсерін тигізіп келеді.

Түркияның Ыстанбұл қала­сын­да осы ұйым Қазақстан Үкі­меті мен БҰҰ Даму бағдар­лама­сы­ның қолдауымен БҰҰ-ның «Баға­­лау саласының ұлттық әлеуеті» атты 115 мемлекеттің өкіл­­дері қатысатын ғаламдық кон­­фе­­р­ен­циясының шеңберінде «Баға­­лау­дың ұлттық жүйесін құру: Қазақстан тәжірибесі» атты се­минар өткізді. Отыздан астам мемлекеттің өкілдері қа­тыс­­қан семинарды Астанадағы Өңір­­­лік хабтың Басқару коми­те­ті­­­нің төрағасы Әлихан Бай­менов ашып, жүргізіп отырды. Ол мемлекеттік қызметтің тиім­ді­лігін жетілдіруде бағалау жү­йе­с­інің сапалы жүр­гізі­луі­нің ма­ңыз­дылығы зор екенін атап өтті. Құт­тықтау сөз­дер ай­тыл­ған­нан кейін Қазақ­стан Ұлт­тық эко­но­мика ми­нистрі­нің орын­­­ба­сары Айбатыр Жұма­ғұлов мем­лекеттік қызметті ба­­ға­­­лау жү­йе­сінің барысы тура­лы баян­дады. Ол семинарға қа­ты­­­су­­шыларға Қазақстандағы мем­­­ле­кеттік қызметті бағалау жү­йе­­­сінің тарихи және әкімші­лік алғышарттары, негізгі тетік­тері және әдістемесінің қалай қалып­тас­қаны туралы кеңінен ай­тып берді. Соның ішінде мем­ле­кет­тік қызметтерді бас­қ­ару са­па­сы­ның тізілім, стандарт және регл­амент сияқты көр­сет­кіш­теріне жеке-жеке тоқ­та­лып өтті. 2016 жылы мем­ле­кет­тік органдар осы көрсет­кіш­­терді «Аза­­мат­тарға арналған үкімет» кор­­по­рациясына беріп, азамат­тар электронды формат шең­берінде ала бастағаны да айтылды. Барлық қызметтің 75 пайызы аталған корпорацияға беріл­ген екен. Осы жылы аза­мат­тарға бар­­­лы­ғы 143,7 млн мемлекеттік қыз­­­мет­­­тер көрсетіліп, оның 73 па­­­йы­­зы­­на қанағаттанарлық ба­ға бе­­ріл­ген. Алайда жоғарыда атал­­­­ған әдіс­т­ер­мен бағалау бары­­сын­­да 10,7 мың жағдайда мем­­ле­кет­­тік ор­гандар қызмет көр­­­сету мер­­­зімін белгіленген уақ­ыт­­­тан ұзар­­тып, созып жібер­ген. Ал жал­­пы айт­қан­да, қыз­мет­тер са­ны 15 па­йыз­ға арт­қан. Соң­ғы 7 жыл­­да қыз­мет көр­сету мер­зімін со­зып жіберу жағдай­лары 46 есеге азайған.

А.Жұмағұловтың баянда­­масындағы деректерге қараған­­да, қыз­мет көрсетулерді бағалау бойынша берілген ұпай саны бойынша, алдыңғы орында Ұлт­тық экономика министрлігі, ал соң­ғы орында Сыртқы істер ми­­нистрлігі келеді. Облыстар мен республикалық дәрежедегі қала­­лар арасында бірінші орын­ды Алматы қаласы ұстап тұрса, көш соңында Алматы об­лы­сының әкімдігі қалған. Қыз­мет көрсетуде ақпараттық тех­но­логияларды қолдану бойын­ша бірінші орында Сол­түс­тік Қазақстан, ал соңғы орында Атырау облысы келеді. Өкі­ніш­ке қарай, мемлекеттік қызмет­шілердің еңбек жүктемесінің нормадан артық болуы да қыз­мет көрсету сапасын төмен­детуде. Мәселен, апталық еңбек жүктемесі 40 сағат болған­да Ден­саулық сақтау министр­лігі­­нің қызметкерлері орташа ал­ғанда 14,5 сағат артық жұ­мыс істейді екен. Ең аз деген Ұлт­тық экономика министрлігі қызмет­керлерінің өзі апталық норманы 4,5 сағатқа арттырып жіберген.

Мемлекеттік қызмет көр­се­ту­­дің сапалылығы азаматтар­дың арыз-шағымдарын әділетті қа­рап, дұрыс шешім қабылда­ға­ны­­­нан да көрінеді. Өткен жы­­­лы мем­­ле­­кеттік органдар қа­за­қ­­­­­стан­­­­ды­қ­­тар­дың 1 млн 300 мың­­­­­нан ар­тық арыз-шағымын қа­рап, соның 50 пайызын қана­ғат­­­­тан­­­­дырған екен. Алайда 7 мың­­­ға жуық арыз уақытында қаралмаған.

Қазақстан Үкіметінің мем­ле­­к­ет­­­тік қызмет көрсету­лер­дегі тә­жі­­рибесі жиналған маман­дар­дың қызығушылығын тудыр­ды. Бұл жөніндегі баяндаманы осы ми­нистрліктің Мем­ле­кет­тік бас­қару жүйесін да­мы­ту де­пар­­та­менті дирек­т­оры­­ның орын­ба­сары Динара Құ­лым­бетова мен Эконо­мика­­лық зерттеу­лер инс­титуты мем­лекеттік ор­ган­дар қыз­меті­нің тиімді­лі­гін ба­ға­лау орталы­ғы­ның же­тек­ш­ісі Са­бина Са­диева да то­лық­ты­рып, жинал­ға­ндарға қазақ­стан­дық бағалау­дың бар­лық қыр­ла­рын ашып берді. Олар бақы­лау жұмысын қада­ға­л­айт­ын Пре­­­зидент Әкім­шілігі өз­дерін мем­­­ле­­кет­тік қызмет­кер­­лер­дің қыз­­­ме­тіндегі кемші­лі­кте­р­ді тап­­­қан­да жазалауға емес, тү­зе­туге ба­ғыттайтынын да атап өтті.

Одан әрі қазақстандық әріп­­­тес­­­­­терінің сөздерін қол­дап және бұ­дан өздеріне үл­кен са­бақ ала­ты­нын айтып Эсто­ния, Гру­зия және Әзербай­жан­­нан кел­ген мамандар сөй­­л­еді. Деген­мен олардың ара­сын­­да сын айтып, жұмысты жетіл­­ді­ре түсу бағытында ой қос­қан­­дар да болды. Мәселен, Эсто­­ния өкі­лі көп ақпараттан гөрі, көр­сет­­­кіш­тердің көбірек болғаны ба­ға­лау нәтижесінің сапасын аны­ғырақ көрсететінін атап өтті. Ал Әзербайжан өкілі бағалау жұмысына үкіметтік емес ұйым­дарды көбірек тартудың тиім­ділігі туралы айтты.

Қорыта айтқанда, семинар мемлекеттік қызметтің тиімді­лігін бағалау жұмысында нақты тәжірибелер, инновациялар мен перспективалық әдіснамалармен бөлісуге өте пайдалы диалогтық алаң болды. Біз шараны ұйым­дас­тырушы, Өңірлік хаб бас­қару­­шы комитетінің төраға­сы Әлихан Байменовпен әңгімелес­кенімізде ол семинардың дітте­ген мақсатына жеткенін айту­мен қатар өзінің кейбір ұсыныс­тарын да білдірді. Мәселен, ол мемлекеттік органдар қызметі­нің тиімділігін бағалау мін­детін болашақта Республикалық бюд­жет­­тің атқарылуын бақы­­лау жө­нін­­дегі есеп комитетінің құзы­­­ры­на берген дұрыс болар еді деді. «Есеп комитеті бұрын­ғы­­­дай аталғанымен қазір оның ма­қ­сат-міндеттері кеңейіп отыр. Мәсе­лен, аталған мекеме қар­жы­ны заң бойынша жұм­сауды ғана емес, жұмсалған қар­жының тиімділігін де анық­тайды. Баға­лау жүйесінің мақ­саты да соған жақын. Сол себепті Еуро­па елдерінің көбісінде аудит жүйесі мен бағалау жүйесі бірік­кен. Бұл мемлекеттік ресурс­тарды да тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Есеп коми­теті – тікелей Прези­дентке бағы­натын орган. Сон­дықтан ол үкі­меттік орган­дар­дың жұмы­сын тәуелсіз ба­ғалай алады», деді Ә.Байменов.

Төрағаның сөзінен ал­­дағы уақытта аймақтық семи­нар да өткізілетіні белгілі болды. Онда Оңтүстік Корея, Э­с­­то­­ния сияқты елдердің мем­ле­кет­­­тік қызмет көрсету сала­сын­­­дағы озық тәжірибелері таныс­тырылмақ.

Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан» – Ыстанбұлдан