Әдебиет • 20 Қазан, 2017

Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта қазақ жазушыларын қайталап оқуға ден қойдым. Төлен Әбдік жетпіс бес жасқа келді дегенде, кітаптарын қайта парақтап шықтым. Жа­қында ғана «Парасат майданын» оқыдым. 

Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады

Уақыттың алдына шығып, заманнан озып оты­ратын шығармалар болады. Қай кезеңде оқысаң да сол­ кезде жазылғандай әсер бе­­реді. Және осы ескірмейтін шы­­ғармалар қайталап оқысаң да жалықтырмайды. «Парасат май­даны» – осы санатқа кіретін шығарма. Адам қартайған кезде уақытына көп алаңдай бастайды екен. Жасыратыны жоқ, өмірдің көп қиындығы жас келгенде түк­ке тұрғысыз боп қалады. Бір кез­­дері сол қиындықтармен жан аямай күрес­ке­ніңді ойлағанда, кейбірін күліп, кейін жылап ес­ке аласың. Күлетінің: баянсыз дүниені баға­лы деп ойлаппыз; Жы­лайтының: ең аяулы құн­­­дылықтар үшін күре­­сіп, бірді-екілісіне ғана қол жеткі­зіппіз.

Сонда қартайған ақын не туралы ойлау керек? Әрине, өмір туралы. Ал «Парасат майданы» күн­делік иесі мен бейтаныс құрбы ара­сындағы өмір туралы таңғажайып әңгіме. Зұ­лым­дық пен ізгіліктен тұ­ра­тын мына әлем ақ пен қара­ның шайқасы ғой. Төлен жал­пы адам­заттық кеңістікте ой қоз­ғаса, мен өз үйші­гі­ме кіріп алып, «Парасат майданы» ар­қылы өз ғұмырымның ақ-қара­сын ажыратуға тырысамын.

Ізгілік нұры сөнбеуге тиіс. Оған Төлен Әбдік сияқты қа­лам­герлердің шығармалары көп кө­мек көр­сетеді.

Жәркен БӨДЕШ,
ақын