Әлем • 20 Қазан, 2017

АҚШ-тың бұрынғы екі президенті Трампты сынға алды

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың бұрыңғы президенттері Барак Обама мен Джордж Буш елдегі саяси жағдайға қатысты мазасыздығын жеткізді. Жұртшылық бұл әрекетті Дональд Трамптың басқару әдісіне сын деп қабылдады.

АҚШ-тың бұрынғы екі президенті Трампты сынға алды

Екеуі екі бөлек сөз сөйлеп, бір де бір рет Трамптың атын атамады. Өзіне дейінгі екі президентті сынаған АҚШ-тың қазіргі Президенті осы жағдайға байланысты әзірге мәлімдеме жасамады.

Жазылмаған заң бойынша экс-президенттер өздерінің орнына келгендер туралы комментарий беруден бас тартады. Алайда Обаманың айтуынша оның дәстүрлі үн қатуын тоқтатуға бірнеше себептер болды. Олардың қатарында Трамптың «Обамакейр» бағдарламасын тоқтатуы, мұсылмандарға елге кіруге шектеу қоюы мен Париж келісімінен бас тартуы туралы мәлімдемелері бар.

Нью-Джерси штатындағы демократиялық шарада сөз сөйлеген Барак Обама «америкалықтар бөліну мен қорқыту саясатын қолдамайтындығын әлемге айту керек» деді. «Біз осыдан жүздеген жылдар бұрын болған көзқарасты ұстанбауымыз керек. Біз ХХІ ғасырдамыз!» деді экс-президент.

Ал Нью-Йоркте сөз сөйлеген Джордж Буш «бассыздық белең алған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бізді біріктіруге тиіс күш, бізді араздастырып жатырғандай» деді.

Дональд Трамп билікке келгелі БАҚ өкілдерін тек жағымсыз жаңалықтар таратуға әуес деп айтады. Оның пікірінше, медиа президенттің жетістіктері туралы тіс жармай, жалған ақпарат таратуда.