Қазақстан • 24 Қазан, 2017

Астанада жаңбыр аралас қар жауады

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Астанада алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңбырдың арты қарға ұласатынын болжап отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астанада жаңбыр аралас қар жауады

Алдағы 3 тәулікке берілген ауа райы болжамына сәйкес, Астанада таяу сағаттардың ішінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еске салайық, өткен демалыс күндері бірнеше өңірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жарияланған болатын. Қазақстан аумағына қар алып келуі мүмкін циклондар келуде. Қазірдің өзінде республиканың батысында орналасқан циклон батыс және солтүстік аймақтарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын туындатуда.

Сонымен қатар «Қазгидрометтің» болжамына қарағанда, ылғалды қар мен көктайғақ алдағы үш тәулік бойы сақталады.

«Алдағы үш тәулікте жаңбырдың арты жиі қарға ұласып отырады. Циклонның және онымен байланысты суық атмосфера ағынының жылжуынан республиканың солтүстік-шығысында, солтүстік, орталық, кейіннен шығыс облыстарында қар молынан жаууы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 23-28м/с-ке жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады», - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Соңғы жаңалықтар