Аймақтар • 24 Қазан, 2017

ШҚО спортшылары ел чемпионатында 11 медальға қол жеткізді

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендіктер Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэ бойынша өткен ел чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларды құшақ жая қарсы алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

ШҚО спортшылары ел чемпионатында 11 медальға қол жеткізді

14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 275 спортшы қатысқан ел чемпионатында жас спортшыларымыз сәтті өнер көрсетті. Айта кетейік, жарыс «Кумитэ» және «Ката» деп аталатын 2 жаттығу түрі бойынша өтті. Облыс атынан 27 спортшы сынға түсті. Биылғы жылы шығысқазақстандық спортшылар тек Астана қаласынан және Ақмола облысынан келген құрамаларды алға жіберіп, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға ие болды. Облыс құрамасының қоржынында 4 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар. Аймақ құрамасының сапында өскемендіктерден бөлек, Глубокое, Шемонаиха аудандарының және Семей қаласының спортшылары болды.

 – Ең бірінші біздің барлық бапкерлік құрамға, қолдау танытқан ата-аналарға  алғысымды білдіргім келеді. Аталмыш спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жеке алғысымды айтқым келеді, – деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшымбаев.

Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қарашаның 19 күні Румынияда өтетін Еуропа чемпионатына аттанатын болады. Ол жарыстан кейін облыс құрамасы желтоқсанның 23-24 күндері Астана қаласында өтетін халықаралық жарыста бақ сынамақ.

«Кумитэ» жаттығуы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

40 кило салмақта:

1-орын Д.Костубаев.

45 килода:

1-орын Г.Гуров.

45 килодан жоғары салмақта:

1-орын Ж.Едлипова.

50 килода:

2-орын С.Картавцева.

65 килода:

2-орын Д.Баклашов,

2-орын Е.Даубаев.

50 килоға дейінгі салмақта:

3-орын Д.Митрофанов.

45 килоға дейінгі салмақта:

3-орын Д.Қазыбекқызы.

60 килода:

3-орын Р.Курятков.

80 килода:

3-орын Б.Аксенов.

55 килодан жоғары салмақта:

3-орын А.Ожогина.

55 килода:

3-орын М.Васильев.

60 килоға дейінгі салмақта:

3-орын В.Чензе.

Сондай-ақ, «Ката» жаттығуы бойынша өз салмақ дәрежесінде М.Калюжин 1, Ж.Едлипова 2 және А.Семізбаева 3 орынға ие болды.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»