25 Қазан, 2017

Пельо Бильбао "Астанамен" келісімді ұзартты

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл кәсіпқой деңгейде тұңғыш рет ірі додаларға қатысқан испаниялық велошабандоз Пельо Бильбао "Астана" Pro Team командасымен келісімді ұзартты. Енді ол елордалық ұжым сапында 2019-жылға дейін өнер көрсетеді. 

Пельо Бильбао "Астанамен" келісімді ұзартты

"Астана" сапына ауысқан Бильбао «Джиро д’Италия» гранд турында 4-орын алды. Осы нәтиженің арқасында ол болашақта мықты шабандоз бола алатынын дәлелдеді. 27-жасқа толған испан жігіті одан бөлек "Вуэльта" көпкүндігінде тамаша көрсеткіш тіркеді. "Биыл командаға алынып, бой үйреткен Пельо келесі жылы одан да мықты шабандозға айнала түседі деген үмітпен біз онымен келісімді 2 жылға ұзарттық" деп мәлімдеді команда бас менеджері Александр Винокуров.