Қазақстан • 25 Қазан, 2017

Астанада 1792 мың борышкерге көмек көрсетілді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышевтің қатысуымен еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға қатысты баспасөз конференциясын өтті. 

Астанада 1792 мың борышкерге көмек көрсетілді

Жиын барысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Астанада 1792 мың борышкерге көмек көрсетілгендігін айтып өтті.

«Иә 2017 жылдың 11 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан назарбаев осындай тапсырма берген болатын. Тапсырманың мағынасы ол  бағдарлама ипотекалық кредиттерді қаржыландыру бағдарламасын кеңейту орындылығы туралы ұсыныс. Ұлттық банк бұл сұрақты Үкіметпен бірлесіп, осы тапсырма аясында жұмыс жүргізуде. Айта кететін жағдай, осы ипотекалық кредиттер қайта қажыландыру нәтижесі не болды, қалай бітті бүкіл республика бойынша 140 млрд теңгеге қарыздар қайта қаржыландырылды, 22 мыңнан астам ипотекалық борышкерлердің жалғыз баспанасы сақталып қалды. Егерде Астана туралы айтатын болсақ, 16 млрд теңгеге ипотекалық кредит қайта қаржыландырылды. 1792 мың борышкерге көмек көрсетілді. Бұл жылдың аяғына дейін Ұлттық банк Үкіметпен бірігіп, Елбасының тапсырмасын қалай шешу керегі туралы ұсыныс дайындап жатыр»,- деді Алпысбай Ахметов.

Рауан Қайдар,

"Егемен Қазақстан"