Аймақтар • 25 Қазан, 2017

Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Қостанайда болды

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Қостанайда болды

Күн тәртібіндегі көптеген семинарлар мен кездесулер, өңірдегі шаралар кешені  дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған. Әсіресе, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларына ерекше назар аударылып, жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Қостанай, Лисаковск қалаларындағы мешіттерде осы санаттағы азаматтармен жеке әңгімелесті.

Протестанттық діни бірлестіктердің ғибадат объектілерінде дін саласындағы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Рухани-адамгершілік негіздерін ашу  ̶ шиеленстердің алдын алуға, қоғамда орнығуға, экстремизм мен терроризм сынды діни қауіп-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді»,- дейді жиында сөз алған делегация мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы - Толғанай Мұстафина.

- «Бүгінгі таңда діннің рөлі саяси аренада күн санап артуда. Бұл, өз кезегінде, дінді саяси мақсатта пайдалану мүмкіндігінің артқандығын білдіреді. Сонымен қатар, діннің рөлі мәдениет және қоғамдық қатынастарда да өскендігін айта кету керек. Бірақ, сараптап қарайтын болсақ, өзгерістер кезінде діннің өзі емес, оның бұрмаланған бейнесі көрініс береді. Әсіресе, бұрмаланған саясатта, дін ең өрескел түрде пайдаланылады. Діни негіздегі белсенді партияларда экстремизм элементтері жиі байқалады»,-дейді сарапшы.

Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға Қостанай қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

Делегация құрамына аталған саладағы жетекші сарапшылар кірді. Олардың қатарында: Иманбаев Мейрам Өткілбайұлы – Дін істер комитеті діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының жетекшісі, Иржанов Руслан Самарханұлы - «Білім» ҚБ директоры, Мұстафина Толғанай - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы, Жаңақов Берікбол - Астана қ. «Әлжан Ана» мешітінің наиб имамы, Гайко Ольга Александровна – дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері бар.