Аяқ астындағы алтын

Қазақта «тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар. Талдау жасасаңыз, осы сөздің рас екендігіне көз жеткізесіз. Мәселен, тері өткізіп жүрген адамдар­дың айтуы­на қарағанда, сиырдың терісінің бір килосы шамамен 300 теңге тұратын көрінеді. Ал сиыр терісінің салмағы 20 килодай тартады. Сонда бір сиыр терісін сатқанда 6 мың теңге пайда көресіз.

Егемен Қазақстан
26.10.2017 106
2

Бұл, әрине, өңделмеген терінің беретін пайдасы. Ал теріні дұрыс өңдеп, оны іске жарата білетін елдер одан 250-300 мың теңгенің затын шығарады екен. Демек, дұрыс өңдеп, іс қыла білген жағдайда сиырдың терісінің беретін пайдасы оның өз құнынан да асып түспек.

Қой жүні туралы да осылай деу­ге бола­ды. Кеңес Одағы кезінде Қазақ­стан­ның австралиялық меринос қой­ларын молынан өсіргені белгілі. Таңдау неге өзіміздің қылшық жүнді қойларға емес, халық арасында «ақ қой» аталып кеткен биязы жүнді меринос қойларына түсірілді? Себебі түпкілікті өнімге (мәселен, ерлердің костюм-шалбарлары мен сәнді әйелдер киіміне, цигейка тондарға, бағалы аяқ киімдерге) қол жеткізген кезде қойдың жүні оның өз бағасынан бірнеше есе қымбат болып шықты. 

Өкінішке қарай, біз қазір «жібекті түте алмаған жүн қылады» дегендей, мал жүні мен терісін босқа рәсуа етіп, далаға тастап жатырмыз. Бұған кім кінәлі?

Іс басындағы кейбір шенеуніктердің сөзіне сенсек, бұған халықтың өзі кінәлі секілді. «Өзіңіз білесіз, қазір малдың көбі жекеменшіктің қолында ғой. Ал жекеменшіктегілер сойған кезде мал терісін дұрыс сыпырмайды. Оған пышақ тигізеді, қан араластырады. Теріні сыпырғаннан кейін оны дұрыстап тұздап, керіп кептіруді де білмейді. Осыдан тері құрысып қатып қалады. Ал мұндай теріні зауыт, фабрикалар ала қоймайды», дейді олар.

Бір қарасаңыз, мықты уәж. «Әй, қазағым-ай!» деп тағы да сан соғуға тура келеді. Бірақ осыдан жүз жылдай уақыт бұрын өз елінен бауырлас Түркия мемлекетіне босып барған қазақтар неге аталған мемлекетте тері-былғары өндірісінің жолға қойылуына үлкен үлес қоса алды. Көптеген түріктер осы кәсіпті қазақтардан үйренген жоқ па еді?! Ал енді қазір тері-былғары өңдеп, одан киім тігуден Түркия қай деңгейде, біз қай деңгейдеміз?!

Мал терісінің дұрыс пайдаланыл­майтындығына мемлекетті де кінәлай алмаймыз. Өйткені мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға қаржыны аямай төгіп-ақ жатыр. Мәжілістің вице-спикері Владимир Божконың дерегі бойынша соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға бюджеттен 498,6 миллиард теңге бөлінген. Өкінішке қарай, ол қаржыдан дұрыс қайтарым болмай отыр.

Демек, істі ілгері жылжытуға шенеу­нік­терде дұрыс ниет жоқ. Әйтпесе, халық – әлі де сол халық. Көбіміз атакәсіптен қол үзіп кете қойғамыз жоқ. Тек қолда бар теріні дұрыс бағалатып, өткізе алмай дал боламыз да, қазақ елінің ішіне келіп, айна мен ине, сабын мен шәй таратып, соларға тері айырбастап алатын баяғының татар саудагерлеріндей әлекедей жаланған делдалдарға бірер мың теңгеге арзанға беріп құтыламыз.

Енді осыдан туындайтын бүгінгі күннің картинасына қараңыз. Жуықта Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында елімізде жылма-жыл 7,8 миллион дана мал терісі өндірілсе, оның тек 2 пайызы ғана өңделетіндігі туралы мәлімет берілді. Міне, сондықтан да мал терілерін өңдейтін 5 зауыттың өндірістік қуат­тары­ның 5,5 пайызы ғана пайдаланыла­ды екен. Тағы да сол Владимир Бож­коның айтуы бойынша, біздегі мал тері­лерін өңдейтін зауыттардың бар­лығы «қию» технологиясымен жұ­мыс істейді. Жүнді іріктеп өңдеу ісі де жолға қойылмаған. Бір қызығы, өзіміз­де­гі зауыттар шикізатқа зәру болып отыр­ғанда, халық қолындағы жүн мен теріні делдалдар арзан бағаға жинап алып, Қытайға жөнелтетін көрінеді. Айна­ламыздағы елдердің барлығы жүн мен теріні шикізат күйінде шетке шығаруға тыйым салса, бізде бұл жұмыс көктеп тұр. Міне, мәселе қайда жатыр... 

Осы проблеманы ептеп те болсын ең­серу үшін еліміздің Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі алдағы уақытта жүн жинаумен айналысатын – 30, тері жинаумен айналысатын 135 дайындау пунктін ашуды көздеп отырғаны айтылды. Сондай-ақ жүннің барлық түрлерін кешенді өңдеуден өткізе алатын 1 зауыт салып, қазіргі жұмыс істеп тұрған екі кәсіпорынды қайта жаңғыртпақ.

Бұл жоспарды дұрыс дейік, бірақ олар жоспар күйінде қалып кетпесе жарады. Өйткені 2011 жылдың соңында іске қосылды деп есептелген Семейдегі тері-былғары өнімдері комбинаты біресе қаржының тапшылығынан, біресе шикізаттың жоқтығынан әлі де дұрыс жұмыс ырғағына түсе алмай келе жатқандығы жиі сөз болуда.

 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу