Қазақстан • 26 Қазан, 2017

Гендерлік бюджеттендіру мәселесі талқыланды

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында «Қазақстандағы гендерлік бюджеттендіру» жоба­сы­ның қорытынды­лары бо­йынша дөңгелек үстел өтті.

Гендерлік бюджеттендіру мәселесі талқыланды

Іс-шараға Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, БҰҰ Даму бағдарла­масы­ның өкілдері қатысты. 

Алқалы жиында сөз алған Мә­жі­ліс депутаты Серік Сей­думанов ең алдымен гендер сөзі­не тереңірек мән беру керекті­гін алға тартты. Ол гендер сөзі әйел затына ғана қатыс­ты емес екенін, онда отбасы мәселесі де қаралатынын айт­ты. Сонымен қатар қоғамда кеңі­нен насихатталмағандықтан ген­дер­лік бюджеттендіру ұғымын көп­ші­лік түсіне бермейтінін, алдағы уақыт­та осындай іс-шара­лар жиі ұйым­дас­тырылып тұруы қажеттігін сөз етті. 
Бұдан бөлек Серік Сейдуманов аталған қағидаға қатысты құжат­­тар­дың бәрі мемлекеттік ор­ган­дарға қолжетімді болуын қарас­тыруды ұсынды.

Бүгінде әлемнің 100 елінде ген­дер­­лік бюджеттендіру мәселесі­не қатысты түрлі бастамалар қол­дау тауып келеді. Ал Канада, Авст­рал­ия, Швеция, Франция, Норвегия, Ис­­пан­ия секілді мемлекеттерде не­гіз­гі міндеттердің біріне айналып отыр.

– Бұл жаңадан көтеріліп отыр­ған мәселе. Өзімнің ойымша бұл елі­­мізде керек қағида. Біз оған да­йын­быз. Осы бастаманың арқа­сында қаржының қай жаққа қандай көлемде бөлініп жатқанын біліп отыруға болады. Енді осы тұста бір мәселені алып қарайық, қазір мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі әйел адамдар екені жасырын емес. Ал ер-азаматтардың бұл салада азайып кетуіне жалақы мәселесі себеп болып отыр. Болашақ жастардың қолында. Ал оқушыларға жоғары дең­гейде білім беру үшін ер адам­дардың орны зор, – деді Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Самиева. 

Ал Қазақстандағы «БҰҰ-әйел­дер» бағдарламасының маманы Гүлнәр Смайылова гендерлік бюджеттендіруге қысқаша түсінік беріп өтті. Оның айтуынша, ол ер мен әйел адамның, қыз бен ұл балалардың мүдделерін, олардың қажеттіліктерін бірізділікпен әрі әділетті түрде есепке алатын бюджет болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының бюджетінде гендерлік мақсаттағы іс-шараларға қаражаттың қарас­ты­рылатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ гендерлік бюд­жет­тен­діруді енгізу ісі таяуда қа­был­данған «Қазақстан Республи­к­а­сын­­дағы 2030 жылға дейінгі от­б­а­­­сы­­лық және гендерлік саясат тұ­­жырымдамасының» негізгі мін­деттерінің біріне айналды.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»