Қазақстан • 30 Қазан, 2017

Элизабет Тұрсынбаева Минскіде өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанды әлемге танытып, абыройымызды асқақтатып жүрген мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева  Беларусь астанасы Минск қаласында 12 елден 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан «Ice Star Minsk» халықаралық турнирінде алтын жүлдені иеленіп, еліміздің туын көкке көтерді. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

Элизабет Тұрсынбаева Минскіде өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Ол қысқа және еркін бағдарламалар бойынша 187,57 ұпай жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізді. Э.Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 ж.), VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері (2017 ж.), ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Енді ол үстіміздегі жылдың 17-19 қараша аралығында Францияда өтетін «Internationaux de France» Гран-приі жарысына, содан кейін Қытайдың Шанхай қаласындағы халықаралық турнирге қатысады. 2018 жылдың қаңтар айында төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетсе,  ақпан айында Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды.