Футбол • 30 Қазан, 2017

Чемпион соңғы турда анықталады

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жанкүйерлер арасында «Ел классико» деп аталып кеткен «Астана» – «Қайрат» кездесуін тамашалау үшін елордадағы «Астана Арена» стадионына 10 мыңнан аса адам келді.

Чемпион соңғы турда анықталады

Өйткені екі клубтың ойыны әрқашан тартысқа және қызыққа толы өтетін. Ал бұл жолғысы тіпті ерекше болатын. Себебі осы турда чемпиондық атақ­­тың тағдыры шеші­летін еді. Астанада өт­кен ойында Станимир Стой­лов шә­кірттері тең түссе, чем­пион­дыққа қол жеткізетін-ді. Ал «Қайрат» ко­мандасы үшін тек жеңіс қажет болды.

Екі команданың теке­тіресіндегі алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші таймда қонақтар негізінен қарымта шабуылға иек ар­тып, ойын соңында деген­деріне жетті. 71 минутта бұ­­рыштамадан асырылған допқа Айбол Әбікен бірінші жетіп, есеп ашты. Осылайша 21 жастағы «Қайраттың» қорғаушысы премьер-лига­дағы алғашқы голын соқ­ты. 89 минутта Жерар Гоу ойындағы екінші голды со­­ғып, «Қайратқа» жеңіс сый­лады.

Чемпионат аяқталмай жатып қола жүлдеге қол жет­кізген «Ордабасының» ұпайы түгел. Ал турнир кестесінде төртінші орын иеленіп, Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін Қостанайдың «Тобылы» мен Павлодардың «Ертісі» соңғы турға дейін «шайқасады». Қостанайдың командасы ХХХІІ турда «Шахтермен» тең түсті. 10 минутта Жасұлан Молдақараев «Тобылды» алға шығарғанмен, 83 ми­нутта Милан Стоя­но­вич пенальтиден есеп­ті теңес­тіріп кетті. Павлодар­дың «Ертісі» соңғы тур ал­дын­да Көкшетауға қонаққа ба­рып, «Оқжетпес» коман­дасынан 2:1 есебімен басым түсті. Ойынның бесінші минутында Родриго гол соғып, қонақтарды алға шы­ғарса, 12 минутта Ста­менкович есепті еселей түсті. Ал 27 минутта алаң ие­лерінен Досмағамбетов таблодағы көрсеткішті 1:2-ге дейін қысқартты. «Ертіс» пен «Тобылдың» арасын қазір бір ұпай ажыратып тұр.

Сөйтіп «Ертістен» же­ңіл­ген «Оқжетпес» премьер-лигадан шығып қал­ды. Сон­дай-ақ «Тараз» командасы да келесі жылы бірінші лигада доп тебетін болады. 

Премьер-лиганың 32-турында мынадай нәтижелер тіркелді: «Астана» – «Қай­рат» – 0:2, Әбікен, 71 (0:1). Жерар, 89 (0:2). «Ақжайық» – «Қайсар» – 0:0. «Атырау» – «Тараз» – 3:2, Зайнұтдінов, 69 (0:1). Сикимич, 71 (1:1). Хай­руллин, 77 (2:1). Зайнұтдінов, 79 (2:2). Аблитаров, 81 (3:2). «Шахтер» – «Тобыл» – 1:1, Молдақараев, 10 (0:1). Стоя­нович (пенальтиден), 83 (1:1). «Оқжетпес» – «Е­р­тіс» – 1:2, Родриго, 5 (0:1). Ста­менкович, 12 (0:2). Дос­­мағамбетов, 27 (1:2). «Ақтөбе» – «Ордабасы» – 2:0, Муа­рем, 55 (1:0). Шимкович, 76 (2:0).


Чемпионаттағы соңғы 33-тур ойындары 5 қарашада өтеді. Онда «Астана» – «Ақ­жайық», «Ертіс» – «Шахтер», «Қайрат» – «Ақтөбе», «Ор­дабасы» – «Оқжетпес», «Та­раз» – «Қайсар», «Тобыл» – «Атырау» кездеседі. 

Сұрмергендер: 1. Же­рар Гоу («Қайрат») – 23; 2. Жу­ниор Кабананга («Ас­тана») – 17; 3. Пат­рик Твумаси («Астана») – 13.