Аймақтар • 30 Қазан, 2017

БҚО-да 8 адам мәслихат депутаты атанды

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«БҚО-да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына сайлаушылардың 71,59 пайызы қатысты» деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов Батыс Қазақстан облысындағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындысы туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Комиссия төрағасының айтуынша 2017 жылдың 29 қазан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына – 1, Орал қалалық мәслихатына – 1, аудандық мәслихаттарға – 6 депутат сайланған. Атап айтсақ, олар: БҚО мәслихатына – «Ақсайгасервис» АҚ президенті Тілек Шектібаев, Орал қалалық мәслихатына – «Водаканалстройсервис» ЖШС директоры Әнуар Мұқатаев, Бөрлі аудандық мәслихатына – «Project Group» ЖШС-нің аудармашысы Мәлика Махауова, Жәнібек аудандық мәслихатына – М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов, Қазталов аудандық мәслихатына – №4 Тереңкөл сайлау округі бойынша Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, Қазталов аудандық мәслихатына – №12 Көктерек сайлау округі бойынша «Райымбек» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сарбаев, Теректі аудандық мәслихатына – №2 Ақсуат сайлау округі бойынша жеке кәсіпкер Қайрат Әділханов, Теректі аудандық мәслихатына – №5 Подстепное сайлау округі бойынша Теректі колледжі директорының орынбасары Ерсайын Нәсіпов.

- Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жүргізілді. Сайлауға барлығы 26 кандидат ұсынылса, оның 18-і өзін-өзі, 8-ін саяси партиялар ұсынған. Сайлауға саяси париялар мен сенім білдірген адамдар қатарынан 96 байқаушы және 7 БАҚ өкілі байқау жүргізді. Барлық сайланған депутаттар жоғары білімді, оның ішінде 1-уі әйел болса, қалған 7-уі ерлер. Сондай-ақ, олардың 2-уі бизнес өкілі, 2-уі жеке кәсіпкер, 3-уі білім саласының өкілі, 1-уі ауылдық округ әкімі. Сайланған депутаттардың орташа жасы 49,3 құрайды, - деді Ғ.Қапақов.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан