Алматыда түркі фильмдері фестивалінің ашылуы өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Түркі дү­ниесі деректі фильмдері ІІ халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты болып өтті.  

Егемен Қазақстан
31.10.2017 4760
2

Қазақ жерінде шымылдығын түріп отырған бұл шараның негізгі мақсаты – түркітілдес елдермен рухани ынтымақтастықты арттыра отырып, түркі дүниесінің мәдени құндылықтарын деректі фильмдер арқылы жариялау, насихаттау және бір-бірімен ақпарат алмасу. Былтыр Түркияның Ыстанбұл шаһарында бастау алған кинофестиваль, биыл екінші рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Бұл фестиваль келер жылы Түрікменстанда, одан әрі Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан сынды жалпы алғанда алты түркітілдес елде өткізілетін болады.

«Бірлік – тілде, сенімде және істе» ұранымен Түркі дүниесі Журналистер федерациясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп ұйымдастырып отырған шараға кәсіби және әлі таныла қоймаған жас режиссерлердің үздік туындылары ұсынылды. Алуан түрлі тақырыпты қаузаған фильмдер жаңашыл бағытымен, соны мазмұнымен көңіл аударды. Мысалы, фестивальдің көрерменге ұсынған алғашқы туындысы «Таза ақпарақ» фильмі ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тырс еткен тіршілік нышаны білінбейтін Тундрадағы әппақ әлемнің ішінде өмір сүріп жатқан қарапайым якут отбасы туралы толғайды. Өркениеттен жырақта, жыл он екі ай сірескен ақ қар мен кішкентай ғана күркенің ішінде өмір сүріп жатқан бір үйлі жан не үшін тіршілік кешіп жүр? Өмірге келген соң арқалайтын мұраты бар ма? Жалпы олар не туралы ойлайды? Шанаға ит жегіп, қарағай құлатып, от жағып, айналасына алқа-қотан отырып әңгімелескеннен басқа не өнері бар? Адамзат көшінің арбасынан түсіп қалғандай аспан мен жерден өзге айналасында ешнәрсесі жоқ осы бір үйлі жан әлем туралы толғана ала ма? Режиссер қарапайым отбасының өмірінен түсірген 20 минуттық фильмі арқылы өркениетке жұтылып бара жатқан бүтін бір ұлттың тағдырына араша сұрағандай...

Фестиваль аясында қонақтар мен студенттерге бұдан өзге Қазақстан режиссері Мірғалым Есіркеповтің «Иштван Қоңыр Мандоки», Баш­құртстан режиссері Таңшолпан Буракееваның «Башқұрт әйелінің киімі», қырғыз елінен келген студент режиссер Кубанычбек Қасиеттің «Оймақ», Татарстаннан келген Салават Юзеевтің «Көкшел құс» фильмдері таныстырылды.

Түркі дүниесі деректі фильмдері ІІ Халық­аралық кинофестивалінің құрметті қонақ­тары ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, Түркі дүниесі Журналистер федерациясының президенті, ORT ТV президенті, Түркі дүниесі деректі фильм­дер кинофорумы комитетінің президенті Мендерес Демир, Түркі дүниесі Журналистер федерациясының фес­тиваль директоры Туран Шахин, Ыстанбұл муниципалитет мәдени жобасының директоры Салих Доган, Кино федерациясының директоры Мехмет Гулеруз, Түркия премьер-министрі Ынталандыру қорының өкілі Иса Йайла, тағы басқа түркиялық танымал киномамандар мен бауырлас елдердегі өнер өкілдері қатысты.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу