Аймақтар • 31 Қазан, 2017

ОҚО-да мәслихат депутаттары сайланды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттағы бос орындарға сайлау өтті.

ОҚО-да мәслихат депутаттары сайланды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев сайлау Конституциялық заң талаптарына сай өткізілгендігін айтты. №11 облыстық сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып «Ұлы Орда» ЖШС-нің президенті Қайрат Сүлейменов сайланған. Ал, № 35 сайлау округі округі бойынша өзге үміткерлерден «SAURAN group» ЖШС-нің кеңесшісі Абдурашит Омаров өтті.

- Сонымен қатар, № 49 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып «Хамит» АӨК басқармасы төрағасы Серманиязов Бақытжан Қыпшақбайұлы, ал № 50 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып Қазақстан инженерлі-педагогикалық «Халықтар достығы» университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы сайланды, - деді Әлібек Өмірәлиев.