Футбол • 02 Қараша, 2017

Сергей Малый: «Қайрат» Еуропа лигасының командаларынан осал емес

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» командасының қорғаушысы Сергей Малый Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясында «Маккабиге» қарсы ойын жайлы пікір білдірді.

Сергей Малый: «Қайрат» Еуропа лигасының командаларынан осал емес

– «Қайратпен» өткен ойыннан кейін қандай қорытынды жасадыңыздар?

– «Қайрат» – біздің тікелей қарсыласымыз. Біз ол кездесуде жеңіске жетіп, уақытынан бұрын чемпион атанғымыз келген. Бірақ бұл футбол, біз күтпеген жайттар жиі болып тұрады. Қазақстан чемпионаты оңай турнир еместігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. «Қайрат» Еуропа лигасының командаларынан осал емес деп айтар едім.

– Ертең алаңға бірінші минуттан бастап шығасыз ба?

– Бұл негізі бапкеріме арналған сұрақ. Ең бастысы алаңға шығамын деп үміттенемін. Негізгі құраммен шығу үшін өзімнің дайын екенімді көрсетуім керек.

– «Астана» алғашқы кездесуде «Маккабиді» тас-талқан етіп ұтты. Ал қарымта кездесуде израильдіктер негізінен шабуылға көңіл бөлетіні белгілі. Қарсы командада кімнен көбірек қауіп күтесіз?

– Әрине, біз әр ойынның алдында талдау жасаймыз. «Маккаби» жақсы команда. Мұнда мықты ойыншылар жетерлік. Біз әрқайсысын назарда ұстайтын боламыз.

– «Астана» алғашқы ойында мықты командаларды жеңе алатынын дәлелдеді. Ал ертеңгі ойында тең есеп жақсы нәтиже болып есептеле ме?

– Білмеймін, мұндай қорытындыны топтық кезең аяқталғаннан кейін жасауға болады.

Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан» – Нетаниядан (Израиль)