Барлық бала бақытты болуы тиіс

Мүгедек балаларды дені сау құрбыластарымен қатар оқыту әдісі елімізде де жолға қойылған.

Егемен Қазақстан
03.11.2017 9826
2

Бүгінде республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 44,7 пайызында, яғни 3200-ден астам мектепте инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген. Еліміз бойынша денсаулығында әртүрлі ақауы бар 0-ден 18 жасқа дейінгі 144 мыңнан астам бала бар екен.

Жарық дүниеге туабітті аурулар­мен келетін сәбилер аз емес. Бірақ қандай бала болмасын бақытты болуға құқы бар. Әлемнің дамыған мем­лекет­терін­де аутизм, сал ауруларына, Даун синдромы­на шалдыққан балаларды ор­таға бейімдеп, оларды сау балалармен қатар оқыту әдісі бұрыннан қалыптасқан. Зерттеулер нәтижесінде сау замандастарымен оқып, олармен өздерін тең сезінген мүгедек балалар ортаға тез бейімделетіні байқалған. Әрі оқытудың мұн­дай тәсілі кембағал балалар­дың психологиясына оң әсер етіп, денсаулығының оңалуына септігін тигізетін көрінеді. 
Әлбетте, мүгедек балалардың денсау­лығы әртүрлі. Кейбіреуі құлағы есті­месе де, көзі көр­месе де ақыл-есі дұрыс болуы мүмкін. Мысалы, сал ауруы­на шалдыққан жеткіншектер жүріп-тұра алмаса да, олардың ақыл-есі түзу, жүрегі жұмсақ болып келеді. Ал аутизмі бар балалар белгілі бір салаға ерекше талантты. Міне, осындай жандарды зердесіне, қарым-қабілетіне қарай ортаға бейімдеу жеңілі­рек. Ал қазіргі таңда Америкада Даун синдромы бар балаларды да сау балалармен біріктіре оқыту әдісі кеңінен қолға алыныпты. Бұл туралы америкалық мамандар «Даун синдромы бар балаларға инклюзивті білім беру» тақырыбында Астанада өткен дөң­гелек үстел жиынында қазақстандық әріп­тестеріне айтып берді. АҚШ-тың Мин­несота штатының мектеп және мектепке дейінгі инклюзивті спорттық бағдарламасының маманы Дженифер Хансен Америкада бала туғаннан бас­тап, оны ортаға бейімдеу жұмыс­тары қарқынды жүргізілетінін жеткізді. «Сауығу санадан басталатыны белгілі. Бала ешқашан өзін ешкімнен кем-қор сана­­мауы керек. Айналасындағы қоғам денсаулығы дімкәс балалар­ға мүгедек деп қарамай, дені сау баладай қамқорлық жасауы қажет.

Кішкентайынан қамқорлық пен мейірімділікке бөленіп өскен бала оптимист болып қалыптасады. Бұл оның денсаулығына оң әсер етіп, интел­лектуалдық тұрғыдан дамуына сеп­тігін тигізеді», дейді америкалық оқы­тушы. Ал АҚШ-тың орта білім бере­тін мектебіндегі арнайы білім мұға­лімі Стефани Гейнор бір апта бойы Қазақ­с­тандағы инклюзив­ті білім беретін мектептердің жағ­дайымен танысып, ата-ана­лармен тілдескенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытатын нормативтік-құқықтық актілердің бәрі жасалған. Арнайы кабинеттердің жабдықталуы да көңілді көншітеді. Енді тек осы саланы тереңірек дамытуға көңіл бөлу қажет. «Инклюзивті білім берудің де түрлі әдістері бар. Соның ішінде арнайы мектептерде оқитын балаларды сабақтан кейін сау балалармен бірге, спорттық ойындарды ойнатып, қатар дамуына жағдай жасау керек», дейді ол. 
Иә, еліміздегі инклюзив­ті білім беру жүйесі ешкім­нен де кем емес. Білім және ғылым министрлігінің инкл­юзивті және арнайы білім беру басқармасының басшысы Әйгерім Күдеринованың айтуынша, шет мемлекеттерде инклюзив­ті білім беру жүйесімен мүгедек балалар неғұрлым көбірек қамтылса да, онда сапа тиісті деңгейде емес. Ал Қазақстанда кембағал балаларға білім беру сапасы жаман емес. Дегенмен де, басқа елдердің тәжірибесі де кеңі­нен зерттелуде. «Біз кез келген тәжірибені әбден сұрыптаудан өткізіп, еліміздің жағдайына, менталитетіне қарай бейім­дегеннен кейін ғана енгізе­міз. Мүгедек балалардың ақыл-ой деңгейіне, денсау­лығына қарай бәрібір жеке бейімдел­ген бағ­дарлама болуы керек», дейді Ә.Күдеринова.

Дегенмен де, Америкада, Еуропа ел­дерінде мүгедек жандарды ортаға бейім­деу ана­ғұрлым жеңіл көрінеді. Себебі олар ақыл-есінде немесе денсау­лығын­да кемістігі бар балаларға қалыпты құбылыс ретінде қарай­ды. Олармен қатар оқыса да қоғам тарапынан ешқан­дай наразы­лық­тар туындамай­ды. Ал бізде мүгедектер­ді сау бала­лар­­мен қатар оқытуға үрке қарай­­тындар бар­шылық. Сон­дық­тан кембағал бала­ларды орта­ға бейімдеп, олар өздерін жалғызілікті сезінбес үшін алдымен қоғамның көзқарасын түзету керек, дейді мамандар. 

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу