Қазақстан • 03 Қараша, 2017

Нұрғали Ораз. Бала кездегі өкініш

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әжем екеуміз кешкілік пойыздан түсіп, аласа бір дөңнің етегіндегі шағын ауылға келдік. Мұнда той болып жатыр екен. 

Нұрғали Ораз. Бала кездегі өкініш

Есік алдындағы қаз-қатар тізіл­ген самаурындар сақылдап қай­нап тұр. Үлкен қазанға ет асы­лыпты. Арса-арса ағаш қақ­пақ­тың арасынан ып-ыстық бу бұрқырайды. Мен әжемнің етегінен ұстап, жан-жағыма жал­тақ­тап қарай беремін. Кенет мал қораның таса­сы­нан шыға келген бір топ бала бізге қарай жү­гір­ді. Ең алдындағы біреуі:

– Е-ей, қараңдар! Қанат келе жатыр! Қанат! – деп қуа­на айғайлайды. Сол сол-ақ екен, оның соңындағылар да қо­сылып:

– У-у-у, Қанат! Қанат келе жатыр! – деп шулады.

Содан соң бізге жақындай бере біреуі:

– Жо-о-оқ, ол емес екен! – деді қалт тоқтап.

Әп-сәтте бәрі іркіліп, әлгі­нің жанына үймелей қал­ды.

«Ол емес екен... Қанат емес екен...» деп жатыр бір-біріне сыбырлап.

Табан астында жаңағы қуаныштарының су сеп­кендей басылып, бөтен бала болып шық­қа­ныма таңданып,  үрпиісіп қалған сияқты.
Тап сол сәтте мен де өзімнің Қанат болмаға­ны­­ма іштей өкінгендей болдым...

Нұрғали Ораз,
«Егемен Қазақстан»