Қазығұрттық диқандар әр гектардан 20 тоннадан астам өнім алды

Күз – береке айы. Қыс айларында есеп-қисабын жүргізіп, қаржысын түген­деп, ерте көктемде шаруасына кіріс­кен диқан ала жаз бойы белін жаз­байды десе де болады.

Егемен Қазақстан
06.11.2017 799
2

«Көктемнің әр күні – жылға азық» деген нақылды күніне мың мәрте қайталап еңбегін кет­пеніне сатқан диқан қоңыр күз кіргенше табиғатқа да қатты алаңдайды. Жанды атаулының миын қайнататын аптапта аспаннан тамшы тамбаса да қауіп, қорғасын бұлт басып апталап көз жасын сорғалатып тұрғаны – ол да қауіп.

Тәңіріне мың жалынып жүріп берекесі мол күзге де жетіп, жиын-терімін аяқтаған аудан, қалалар жыл бойы табысы жөнінде есеп беріп жатыр.
Биыл қазығұрттық диқандар әр гектардан 20 тоннадан астам өнім алған. Ауданда көп жылдық көшеттер 2300 гектарға жетеді. Ал биылғы жылы өнім берген 1200 гектар жеміс ағаштарынан орташа есеппен 24 мың тонна өнім алса, 413 гектар жүзімнен 6400 тонна өнім жинаған.

Осындай өнім көлемін арттыруға септігін тигізген кооперативтің бірі Қазығұрт ауданы Қызылқия ауы­лын­дағы «Аманкелді» ЖШС базасында құрылған «Аман Агро Сервис» жеміс­терді сақтау және дайындау ауыл­шаруа­шылық өндірістік кооперативі.

Бүгінде кооперативке біріккен шаруалар серіктестіктің 2 мың тонналық жеміс-жидек тоңазытқышы бар қоймасын кеңейтіп, қайта жарақтандырып отыр. Мұнда сонымен қоса Еуропадан, Италия, Түркия, Нидерланд мемлекеттерінен әкелінген жаңғақ пен 15 түрлі алма сор­ты және жүзім көшеттері өсіріледі. Сондай-ақ кооператив мүшелері келешекте жемістерді өңдейтін цех ашуды да жоспарлап отыр.

Ал Сарыағаш ауданында биыл 8781 тонна жүзім жиналды. Шаруалар орта есеп­пен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 цент­нерден өнім алған. Биыл тамшылатып суару тәсілі енгізілген 450,7 гектар жүзім­нің 283 гектар алқабы 1698 тонна өнім беріпті. Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан 70 центнерге дейін өнім жинаған. 

Жалпы бүгінде Сарыағаш ауданында 1871 гектар алқапта жүзім өсіріледі. Оның ішінде  450,7 гектарына  жаңа заманауи технология, яғни тамшылатып суару тәсілі қолданылады. 450,7 гектар жаңа заманауи технология бо­йынша егілген жүзімнің 92,7 – гектары асханалық, 358 гектары техникалық сорттар саналады. 2017 жылы ауданда 60 гектар егістік жерге тамшылатып суару тәсілі қолданылған. 
Алдағы жылы аудандағы жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі 1931 гектарға жетеді деген жоспар бар. Оның 563,7 гектары тамшылатып суару тәсілі енгізілген жүзім алқаптары болады деп күтілуде.

Бүгінде Сарыағаш ауданында жалпы көлемі 647,39 гектарды құрайтын 2530 жылыжай бар. Биылдың өзінде өңірде жалпы көлемі 56,39 гектарлық 82 бірлік жылыжай салынған.

Күздің соңғы айы Оңтүстіктің аудан, қалаларына осындай берекесімен кіріп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу