Әлем • 06 Қараша, 2017

Техастағы атыс: Күдіктінің аты-жөні белгілі болды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың федералдық және мемлекеттік құқық қорғау огандары Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласындағы бапистік шіркеуде 26 адамды өлтірген күдіктінің бұрын АҚШ әскери-әуе күштерінде жұмыс істеген Девин Келли екенін растады. 

Техастағы атыс: Күдіктінің аты-жөні белгілі болды

26 жастағы Келли 2010-2014 жылдар аралығында Нью-Мексикодағы Holloman әуе базасының материалды-техникалық қамту бөлімінде жұмыс істеген, деп хабарлады Әскери-әуе күштерінің баспасөз хатшысы Энн Стефанек. 

Ол Техас штатының Нью-Браунфелс қаласында тұрған. Келли баласы мен әйеліне шабуыл жасағаны үшін 20 айға қамауға алынып, әскери статусынан айырылған. Федералдық тергеу бюросы күдіктінің үйін тінтіп, әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеріп жатыр. Келлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында AR-15 тапаншасының суреті тұр.

Техастың Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің директоры Фримен Мартин күдіктінің қара киімде болғанын, баллистикалық жилет кигенін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, Американың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласының маңындағы баптистік шіркеулердің бірінде қарулы ер адам оқ жаудырып, кемінде 26 адам қайтыс болды. Ондаған адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Дайындаған Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"