Қазақстан • 06 Қараша, 2017

Мақсат – заңнамаларды жетілдіре түсу

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заңнамаларды халық­аралық норма­ларға, соның ішінде ТМД Пар­ла­ментаралық Ассам­блеясының талаптарына сәйкес әзірлеу туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына ұсыныс жолданды.

Мақсат – заңнамаларды жетілдіре түсу

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­­тастығына қатысушы ел­дердің Парламентаралық Ассам­блея­сының (ТМД ПАА) құрыл­ғанына биыл 25 жыл толды. Оның жұмысына Парламент депутаттары ғана емес, түрлі атқарушы органдардың мамандары, ғалымдар мен кәсіби заңгерлер қатысады. ТМД ПАА-ның маңызды міндеттерінің бірі – қатысушы мемлекеттер заңнамаларының бір-біріне үйлесімді үлгілерін әзірлеу.

Осы міндеттерге сәйкес заңна­ма­лық актілер Дос­тас­тық елдері­нің және көбі­несе еуропалық пен әлем­дік халықара­лық құқық­тық стан­дарттарға сәй­кес жасалу­да. ТМД ПАА құрыл­ғаннан бері 300-ден артық үлгілік заңнамалар мен 100-ден артық ұсыныстар қабылданды. Олардың бәрі де ұлттық заңнаманың дамуы мен тиімділігін арт­тыруға айта­рлықтай үлес қос­ты. Ал Достастық елдері депу­тат­­­тарының бірлескен жұ­мыс­­­тары парламентаралық ын­ты­­­мақтастықты дамытуда ма­ңызды рөл атқарады.

Мемлекет басшысы ұлттық заңнамаларды халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мәселесін бірнеше рет көтерді. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен 2010-2020 жылдарға арналған құ­қылық тұжырымдамада: «ұлт­тық құқықтарды заман­ның жаңа талаптарына сәйкес және бәсекелестікке қабілетті қылу мақсатын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің норма­лық және құқық қолдану істерін одан әрі жетілдіру керек», деп жазылған. Осы талап­тың шеңберінде, біздің ойымызша, ТМД ПАА әзірлейтін қоғамдық қатынастардың барлық салаларына қатысы бар үлгілік заңнамалық акті­лер де өзінің маңызды рөлі бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі көптеген заң жоба­ларының бастамашысы болып отырғандықтан, елі­міздің заңнамалық акті­лерін әзірлегенде ТМД ПАА ұсынған үлгілік заңнамалық актілер мен ұсыныстарды ескеруі қажет деп санаймын. Ол үшін Қазақ­стан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңына әзірлеуші орган үлгілік заңнамалар мен ұсы­ныстарды ескеруі қажет деген толықтыруды жаңа заң жобасымен енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет деп білемін. Мен осы ұсыныстарды Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына жолдап, бастаманы аяқсыз қалдырмауды өтіндім.

 

 

Владимир ВОЛКОВ,

Сенат депутаты