Қазақстан • 06 Қараша, 2017

2018 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады?

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

2018 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады?

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биыл берген тапсырмасына сәйкес жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемінің мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейтіледі. Осылайша мемлекет әлеуметтік міндеттемелер бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруда.

«1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбекті) 8  пайызға, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 пайызға өседі. Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдіс-тәсілдері де өзгереді. Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына біркелкі беріліп келсе, 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Дәл қазір елімізде базалық зейнетақы алатын 2 млн 139 мың адам бар. Олардың 44,1 пайызының базалық зейнетақысы екі есеге көтерілетін болады. Яғни, бұл зейнеркерлер бүгінгі күні – 14 466 мың теңге алатын болса, 1 шілдеден – 28 274 теңге зейнетақы алады», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.