Тұлғаға орта керек тұғыр болар

Азаматтық санаға тән сипат – жеке мүдделерден биік болу, жеке бастың қамынан елдің қамын, тұтас қоғамдық ізгілікті жоғары қою. Ол қоғамдық ізгілікті қалыптастыруға негіз болатын мінездің көрінісі. Азаматтық сана өзіне тілемегенді өзгеге тілемеу, өмір сүріп отырған ортасы, әлеуметі үшін әр адамның жауапкершілік сезімінің жоғары болуы, адамшылық парызы жолында атқарар қызметі арқылы өлшенбек.

Егемен Қазақстан
07.11.2017 7768
2

Француз философы Ж.Ж.Рус­соның «Адамда екі нәрсені таңдап алуға мүмкіндік жоқ, оның бірі – ата-анасы, екіншісі – дүниеге келетін ортасы», деген сөзі бар. Расымен адам қандай ортада дүниеге келетіндігін таңдай алмайды, ол оның жазмышы. Кейін оны сол орта өсіреді.

«Адам қоғам жоқ жерде адам бола ала ма?», деген сұраққа жауап іздеу көркем әдебиетте де бар тәжірибе. Мысалы, Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасындағы кейіпкер Робинзонның, Редьярд Киплингтің «Джунгли кітаптарындағы» кейіпкер Мауглидің образдары адам баласының қоғамсыз ортадағы өміріне назар аудартып, адам әлеуметсіз қандай адам болар еді деген мәселені көтерген. «Менде бір іскер адамның бірі едім», деп өзімен-өзі тілдесетін Робинзонның жапандағы аралда кешкен жалғыздық өмірі, одан жол тауып шығуы, түптеп келгенде оның бұған дейінгі қоғамдық ортада үйренген, қалыптастырған қасиеттерінің арқасында ғана мүмкін болатыны оқырманға көп нәрсені аңғартса керек.

Хәкім Абай да бір сөзінде «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват», деген түйінді пікір білдірген.

Жалпы, әлемдік философия мен әдебиеттегі ізденістердің барлығы да адамның қалыптасуында, адамдық деңгейге көтерілуінде қоғамдық ортаның шешуші рөл атқаратынын меңзеген. Ал ендігі мәселе сол орта қандай болуы керектігі жайлы.

Адамның мінез-құлқы, өмірге көзқарасы өскен ортасына тікелей байланысты. Ешкімде жаман мінезбен, қаскөй көзқараспен дүниеге келмейді. Сәби кезінде бәрі таза. Халқымыздың адам болмысына байланысты сөздік лексиконында «сәбидей таза» деген тіркес тектен-тек қолданылмаса керек. Хәкім Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», дейтін сөзі бар. Яғни Абай адамды бұзатын да, түзейтін де орта деген ойды айтып тұрған жоқ па?!

Олай болса, осы орта мәселесі бүгін қандай жағдайда? Бізде адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты қандай орталар бар? Болашақ тұлғаларды қалыптастыратын орталар бар ма? Жастар немен айналысып жүр, олар қандай құндылықтарға бет түзеуде? Міне бұлардың барлығы азаматтық сананы қалыптастыруда зерделеуді қажет ететін маңызды мәселелер.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін құндылықтар арнасы да өзгеріп шыға келді. Бұрынғы кеңестік идеологиядағы құндылық деп саналған кейбір ұстанымдар жарамсыз болып қалды. Бұл заңдылық. Адам өзгерді. Адам­дарға сенім бостандығы беріл­ген тұста, санаға талас жүрді. Әлем­дегі, түрлі мақсатты көздей­тін діни ағымдар сол тұсты пайдаланып, елімізге еніп кетті. Олардың кейбіреуі құндылықтар ауысқан өлара уақытта бағыт-бағдар іздеген жастарымызға, отандастарымызға өз орталарын ұсынды, қамқорлық жасаған болып діни-дүниетанымдық ұстанымдарын олардың санасына сіңіре бастады. Бүгін мұның теріс нәтижесін көріп жатқан жағдайымыз бар. Соның барлығы рухани құндылықтарға сусындатар ортаның жоқтығынан болған жайт.

Біз өскелең ұрпаққа, жаста­ры­мызға қандай орта ұсына алып отырмыз? Бізде әркім өз бетінше өмір кешу көрінісі байқалады. Мәселен, кеңестік дәуірде жүр­гі­зілген идеологияның сипатына сай өзіндік орта болатын. Сол кездегі партия мектебі мем­лекеттік қызмет саласындағы адамдарға орта болды. Солардың арасынан қарым-қабілеті шыңдалған, қоғам өміріне дайын өз тұлғаларын қалыптастырып шығарды. Қазір ше, бізде тәуелсіз елдің тұлғаларын дайындап, қалыптастырып шығаратын қандай орта бар?

Бүгінгі мемлекеттік қызметке келіп жатқан кейбір жастар, белгілі бір мемлекеттік сана қалыптастыратын ортаның жоқтығынан, ең негізгі мақсаты мансаптық өсу болып отыр. Ал белгілі бір ортада піспеген, азаматтық санасы қалыптаспаған ондай адамнан өз мүддесін ғана ойлайтын жандар шығып жатса таңғалуға болмас. Сондықтан бізге барлық сала бойынша үлкен қоғамдық істерді алып кете алатын, азаматтық санасы қалыптасқан болашақ тұлғаларға тұғыр бола алатын орталар керек. Ол орталарға ортақ құндылық азаматтық сана болуы тиіс. Білім алушы әлеуметтік топ үшін оқырмандар ортасы, кітап культі қалыптасса, болашақ технологтар үшін шеберлер ортасы, мемлекеттік қызмет жасауды мақсат тұтатын жастар үшін патриоттар ортасы тағысын т.б. бағыттардағы орталар қажет. Сол орталар өз ішінен суырылып шығатын тұлғаларға тұғыр болмақ. Ол келешекте біздің мемлекетіміздің азаматтық сана деңгейінде дамуына, өзі үшін ғана емес, тұтас елдің игілігі үшін қызмет қылатын тұлғалардың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етері анық.

Тортасыз май, ортасыз тұлға болмайды. Тұлғалардың көбеюі елдік санамыздың өркендеуіне жол ашпақ. Данышпан ойшыл Шәкәрім бабамыздың «Жұқпайды екен айтқан сөз, ғылымы жоқ адамға. Көкірегінде болса көз, жұғар сондай адамға. Ондай адам қазақтан көп туса осы заманға. Босар еді азаптан, қазақ шығып самалға», деген арман-мұраты елді ел қылудағы әр адамның адамдық сапасына, азаматтық санасына көңіл ау­даруға шақырып тұрған жоқ па?!

Белгілі бір ортада қайнап, пісіп-жетілген, азаматтық санасы қалыптасқан тұлғалар елдік санаға бастары анық. Сондықтан да болашақ тұлғаларды қалып­тастыру үшін қандай орталар ке­рек деген мәселені қолға алу бас­ты міндет. Бізде бұған барлық мүм­кіндік бар. Уақытты жіберіп алмай, соны қазірден бастап назар­ға алғанымыз жөн.

Аристотель адамға «адам таби­ғатынан әлеуметтік жануар» деп анықтама беріп, адамның әлеуметтік ортадан тыс өмір сүре алмайтынын меңзеген болатын.

Адамның әлеуметтенуі – өмірге бейімделуі, жеке тұлға ретінде қалыптасуы деген сөз. Әлеуметтену, демек адамның таби­ғи қалыптасуы процесімен қатар жүретін құбылыс. Әлеу­мет­тену болмаған жағдайда адам қоғамдық ортадан тыс қалып, жеке адам ретінде қалыптасуы баяулайды. Ортаның өзі түрлі әлеуметтік сатыға бөлінетінін ұмытпау керек. Мәселен, ғылыми орта, жастардың субмәдениетін қалыптастырып жүрген орта, күнделікті өмірде кездесетін адамдардың жеке ортасы, дос-жарандар, қызығушылықтарына қарай қалыптасатын ортасы. Осы әлеуметтік орталар адамның қалыптасып, дамуына, өміріне бағдар алуына ықпал ететін жүйе тәрізді.

Ортасы жоқ адам кез келген жоғарыда атап өткен әртүрлі деңгейдегі субмәдениеттің немесе ұйымдардың жетегінде кетуі әбден мүмкін. Олай болатыны адамның өзі әлеуметтік процестердің нәтижесінде тұлға болып қалыптасады.

Қазіргі уақытта бізде жас­тар­дың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін қандай орта бар деген сауал туындайды.

Өткен кеңестік жүйеде орта идеология негізінде жұмыс ат­қа­рып, адамның әлеуметтену про­цесіне сай айқындалған. Тарихқа көз жіберсек, мектеп жасындағы балалардың октябрят, пионер, комсомол ұйымдарының, соңында коммунистік партияның мүшесі болып шығуы жай нәрсе емес еді. Бұл Кеңес Одағының жүйесі азаматтарға жас ерекшелігіне орай ортаны айқындап бергенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда орта жоғарыда аталған субмәдениеттер арасында қалып қойғандай. Мәселен, кейбір орталар байкер, панкер, иглз сынды ұғымдармен астасса, енді бірі әлеуметтік желілер арқылы виртуалды деңгейге түскен. Осындай жағдайда ортаны қалай қалыптастыруға болады? Мәселе күрделі, ауқымды әрі қоғам дамуы үшін маңызды. Мектеп жасында қандай ортаны, студенттік шақта қандай орта­ны қалыптастырып, жас ұрпақ­қа бағдар беруге болады? Сұ­рақ көп, жауап аз. Ойлануды талап етеді. Олай болса шығарма­шы­лық салада, көпшілік спортты дамыту ісінде орталарды қалып­тастыру қажеттігі артып отыр. Бізде бүгінде ондай орталар жоқ емес, бар. Бірақ жұмыс істеу, жарнамалануы төмен, нә­тижесі айтарлықтай емес. Сон­дық­тан мектептерде оқырман­дар клубын құрып, оған мүше­лер­дің қабыл­дануын және ол клуб­тардың қоғамдық қызметпен айналы­судағы беретін пайдасын көрсету керек.

Жастардың қоғамдық ұйым­дарын жетілдіру заман сұраны­сына сай келеді. Ол науқан түрінде емес, жүйелі түрде бағдарлама негізінде жасалғаны жөн. Бүгінгі таңда еліміздегі демографиялық жағдайдың дұрыстығы, өткен он жылдықтармен салыстырғанда өсімнің қарқыны байқалады. Бұл уақыт өте келе жастардың үлес салмағы артуы әбден мүмкін екенін көрсетеді. Осы орайда олар үшін лайықты орта қалыптастыру аса маңызды.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ,
философия ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу