БҒМ қаржылық бұзушылықтарды анықтағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігі Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит барысында министрлікте қаржылық бұзушылықтарды анықтағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Егемен Қазақстан
07.11.2017 818
2

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 16 миллиард теңгенің бұзушылығы аудиттің барлық нысандарына (БҒМ, бағынышты ұйымдар, жергілікті атқару органдары) қатысты. Сол соманың 10 млрд теңгесі «e-learning» жүйесі бойынша 2015 жылға дейін сатып алынған жабдықтармен инвентаризациялауға байланысты БҒМ бұзушылығы ретінде көрсетілген. Қалған сома жергілікті атқару органдарының үлесіне тиесілі.

Қазірде инвентаризациялау жөніндегі комиссия жұмыс жүргізіп жатыр, құрал-жабдықтарды дер кезінде рәсімдемеген (кіріс қатарына жатқызбаған) облыстарға бару жоспарланған.

Тиімсіз пайдаланған 43 млрд теңге сомасындағы бюджет қаржысының 37 млрд теңгесі БҒМ үлесінде, соның ішіндегі 31 млрд теңге «e-learning» жүйесіне қатысты. «Сонымен қатар «e-learning» электронды білім беру жобасы аясындағы жұмыстар жалпы оң бағасын алғанын атап көрсеткен жөн. 2015 жылға дейін 27 млрд теңгенің құрал-жабдығы сатып алынған», - делінген мәтінде.

Ұлттық білім беру деректер қорын (ҰБДҚ) және Оқытуды басқару жүйесін (learning management system, LMS) құруға 2 млрд теңге жұмсалған. «ҰБДҚ - бүкіл елдегі білім беру саласындағы статистикалық есептерді енгізудің бірегей құралы», - делінген хабарламада.

«Есеп комитетінің баспасөз релизінде келтірілген қалған фактілер БҒМ-ға жанама қатысы бар», - дейді министрліктегілер. Атап айтқанда, 2016 жылы салынуы жоспарланған 8 мектептің 929 млн теңгеге тек 4-еуі пайдалануға берілген. Сонымен қатар нысандарды қаржыландыруға берілген өтініштер өңірлердің әкімдіктерінен келеді, мемлекеттік сатып алу да жер-жерде жүзеге асырылады. Профильді министрлік - бағдарламаның әкімшісі, ол тек қаржылардың дер кезінде аударылуына ғана жауапты.

Осыған ұқсас жағдай үш ауысымда бала оқытатын және апаттық жағдайдағы мектептерде де байқалады. «2015 жылғы 1 қазанда анықталған 156 үш ауысымда бала оқытатын және апаттық жағдайдағы мектеп 2017-2018 жылдар аралығында толығымен жабылады. Осы мақсатта жұмсалатын қаржы толық көлемде бөлінген. Алайда тұрғындардың демографиялық өсімінен және мектептердің табиғи қартаюы мен тозуының салдарынан жыл сайын проблемалық мектептер пайда болып отырады. 2016 жылдың қазанында апаттық жағдайдағы 23 мектеп және үш ауысымда бала оқытатын 56 мектеп анықталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БҒМ үшін 2008 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта әлемдік деңгейдегі колледждер мен өңіраралық кәсіби орталықтардың құрылысы да айтарлықтай қиындықтарды туындатқан. Осы жобалар бойынша анықталған бұзушылықтарға қатысы бар бірқатар тұлғаның сотталғаны белгілі. «Осыған орай,  ағымдағы жылы нысандардың одан әрі қызмет ететіні туралы шешім шығарылғанын, олар әкімдіктерге әлеуметтік қажеттіліктер негізінде берілетінін хабарлаймыз. ҚР БҒМ ұстанымы: аталған жобалардың барлығы да көп шығындарды талап етеді, оларды құруға қажеттілік жоқ», - дейді министрліктегілер.

Сонымен қатар кадрларға деген сұранысты болжауды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді. Ол жергілікті атқарушы органдармен, ірі компаниялармен және басқа мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта жуық уақыттағы кадрларға деген сұранысты анықтайды. «Сол сұранысқа негізделе БҒМ мемлекеттік тапсырыс береді. Білім және ғылым министрлігі ондай сұранысты қалыптастырмайды, өйткені БҒМ ондай функцияны атқармайды», - делінген мәтінде.

Сонымен қатар істерді құқық қорғау органдарына беру ҚР БҒМ лауазымды тұлғаларына қатысты емес, бірақ орындалмаған жұмыстарға ақы төлеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының құрылыс бөліміне және конкурс шараларын өткізбестен студенттердің тамақтануын ұйымдастыру туралы келісім жасасу бойынша  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қатысы бар.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттен ҚР БҒМ-ға жекелеген бюджеттік бағдарламаларға бөлінген қаржылардың тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын жариялаған болатын.

Атап айтқанда, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 16,9 млрд теңге болатын қаржылық заң бұзушылықтар, 43,2 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және жалпы сомасы 26,7 млрд теңгені құрайтын 147 рәсімдік құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік аудит барысында 5,9 млрд теңге қалпына келтірілген және өтелген, оның ішінде республикалық бюджет кірісіне 285,1 млн теңге қайтарылып, бухгалтерлік есеп бойынша 5,1 млрд теңге жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қайта қарау және өзге де тапсырмалар берілді. Мемлекеттік аудиттің бірқатар материалы процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жіберіледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу