Сенатта Салық кодексі таныстырылды

Сенатта Салық кодексінің жаңа жобасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін қолданысқа енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылды.

Егемен Қазақстан
07.11.2017 2634
2

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, бұл заң жобалары Президент Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы және бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Жобалардағы жаңалықтар салық саясатын жетілдіруге, салық әкімшілендірулерін жақсартуға, салық салу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасын сенаторларға ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов таныстырды. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің идеологиясы адал салық төлеушіні қорғауға бағытталған. Ол салық төлеу барысында дау туындаған жағдайда түсінбеушіліктер мен дәлсіздіктерді салық төлеушінің пайдасына түсіндіретін болады.

Экономиканың түрлі секторларын ынталандыру мен әкімшілендіруді оңайлату да көзделіп отыр. Бірқатар түзетулер бизнестің салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерден хабардар болуын арттыруға бағытталған.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық тәртіптері сақталатын болады. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдау түрінде алынатын салық салудан босату да қарастырылады.

Электрондық сауданы дамыту үшін электрондық сауда саласында алынатын корпоративтік және жеке табыс салығынан босату да көзделеді. Ынталандыру шаралары аграрлық, жер қойнауын пайдалану, қаржы және басқа салаларға да қатысты болады.

Қосымша баяндама жасаған қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушілермен өзара айқын іс-қимыл орнату мақсатында заңдылық, тиімділік және әкімшілендіру тәуекелдеріне бағдарланған ұстанымдарға сүйенетінін атап өтті.

Салық тәртібін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі қайта қаралады. Салық төлеушілердің әртүрді санаттарына салық әкімшілендіруінің түрлі тәсілдері енгізіледі.

«Жасыл топ» аталатын бірінші санатқа тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер жататын болады. Оларға тексерулер жүргізілмейді, есеп тапсыру, берешекті төлеу мерзімдерін өзгерту түріндегі босаңсыту, көлбеу мониторинг жүргізуге қатысу мүмкіндігі және тағы басқа қаралатын болады.

Тәуекел дәрежесі орташа топқа әкімшілендірудің орташа тетіктері қолданылады, хабарлама жіберіледі, орындалмаған жағдайда  салық бақылауы шаралары жүзеге асырылады.

«Қызыл аймаққа» тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілер жатады. Оларға ерекше назар аударылады және салық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда кіріс органдары жедел әрекет ететін болады.

Қ. Баеділов әкімшілендіруді жетілдірудегі барлық жаңалықтар бизнесті дамытуға оң ықпалын айта келіп, салық органдарының бизнеспен салық салу тәсілдерінен әріптестік қатынастарға көшуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Талқылауға сенаторлар Дархан Кәлетаев, Серік Жақсыбеков, Сергей Ершов, Сәрсенбай Еңсегенов, Еділ Мамытбеков және Ғұмар Дүйсембаев қатысып, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің өкілдеріне бірқатар сауалдар қойды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу