Кербез күмбез. Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткіші

Алыстан көзіңізді арбаған Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткіші өзіне ынтықтыра береді. Қос ғашықтың қабірінің басына қойылған дың тектес мазар Аягөз өзенінің оң жағалауында. Әспетті кесене айшықты жерден өзіне көңіл аудартады. 

Егемен Қазақстан
09.11.2017 2977
2

Мына дүние дидарын­да кейде еске алып, сағыныш­пен ойға оралатын сәттер болады. Аягөз дегенде түрлі оқиғалар еріксіз еске түседі. Аудан орталығында тұрып, қияндағы Таңсыққа баратынымызды естігенде дастар­қан басында үнсіз отырған Сәкен ақсақал да «немен барасыңдар?» – деп орнынан қозғалақтап қойды.

Алыс жолдан келіп, тағы да ілгері қозғалатынымызды естігенде ойға шомып тұрған бізге ақсақалдың мына сауалы дем бергендей болды.
Бұл кесенені кезінде 1858 жылы Н.Абрамов, 1898 жылы Н.Пантусов зерделеген, ал 1952 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. Оны Әлкей Марғұлан басқар­ған болатын. Шамамен ХVІ-ХVІІІ ғасырда қаланған бұл шошақ күмбезді, қалақ тастан қаланған табан ауданы 6-да 6 метрлік көлеммен қалан­ған. Ескерткіш биіктеген сайын сүйірлене береді, жалпы биіктігі 12 метрге жетеді. Құрылыс үлгісі дыңға ұқсас болғандықтан, қазақ жеріне ислам діні тарамай тұрып салынған деген жорамал айтылады. Жол бойы ұсақ шаңдақ жолда артымыздан бір елі қалмаған қою қара шаңды көтеріп келе жат­қан ақ «Ниваның» алдыңғы орындығына жамбастай жатқан Сәкен Сабырбекұлы еңбек демалысына дейін осы Айқыз даласын кезіп, ұзақ жыл механизатор болғанын айтып, самбырлай сөйлеп келеді. Жазық даланың керемет қасиеті де шығар, әрі-бері айналған көлік қалай жүрсе де махаббат мұнарасындай күмбез керемет қалпы көз алдымызда бірде зорайып, бірде еңселеп мың құбылады.
Жол қысқарсын деді ме, Сәкен ақсақал кесене жайында білетінін ағыл-тегіл әңгімеге қосты. – Жарықтық бұл ескерткіш қай ғасырда тұрғызылғаны жайында тұжырымды ештеңе айтылмайды. Ескерткіштің жанында баяғыда тас мүсіндер болатын. Оны 1956 жылы Шоқан Уәлиханов қағаз бетіне нобайлады ғой. Онда қасиетті құты ұстаған үш әйел мен бір ер адамның бейнесі сұлбаланған еді. Аңыздарда үш әйелдің бірі Баян сұлу да, екіншісі сіңлісі Айғыз, ал үшіншісі апа­сы деуші еді, ал енді ер адам Қозы десетін. Қазір сол тас мүсіндер ізім-қайым жоқ болып кетті ғой...– деп бір қойды Сәкен атамыз...

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қай кезде шық­қанын жақсылап айы­ратын белгінің бірі – оның күмбезі. Бұл күмбез өте ерте уақытта исламнан көп бұрын, ғұн заманында не Түрік қағанаты кезінде тұрғызылған белгі. Оны күмбездің күншығыс жақ бетінде тұрған мүсін тас­тар дәлелдейді», дейді Әл­кей Марғұлан. Күн астында махаббат ескерткіші алыс­тан керім күйінде ай­шық­тала көрінеді. Керім кер­­без кесене. Аягөздің май­­да тол­қындары бәріне мо­йын­­сұн­ғандай бұлқынып ағады. Шір­кін, Аягөз бәріне куә қал­пы шымырлайды.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, 
«Егемен Қазақстан» 

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы,
Таңсық ауылы

Суретті түсірген автор
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

25.03.2019

ECHO: «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі оның құрметті тұлға екенін көрсетеді

25.03.2019

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті

25.03.2019

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

25.03.2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

25.03.2019

Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

25.03.2019

Іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады

25.03.2019

Кремльде қазақ әуені асқақтаған күн

25.03.2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу