Аймақтар • 09 Қараша, 2017

Атасу кентінде инклюзивті білім беру орталығы ашылды

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Атасу кентінде инклюзивті білім беру әдістері­мен жұмыс істейтін дамыту орталығы ашылды. Мұнда қара­пайым және ерекше балалар бірге тәлім алады. Әлеуметтік жоба жекеменшік қаражат есебінен жүзеге асырылды. 

Атасу кентінде инклюзивті білім беру орталығы ашылды

Кент тұрғыны Анар Болат­бекова кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын бизнес негіздері курсына барған. Өз ісін бастаушы кәсіпкерге жеңіл­детілген несие берілді. 

– Басты мақсат – ерекше балаларды дені сау қоғамға бейімдеу болып табылады. Біз бір айдан бері жұмыс істеп келеміз. Бастапқыда 40 балаға шақтаған болатынбыз, бірақ қазірдің өзінде бізге 50 бала жазылды, оның 10-ы ерекше балалар. Штатта тәрбиешілер, психологтар, хореограф, вокал ұстазы және ағылшын пәнінің мұғалімі бар, дейді Анар Болатбекова. 

Әр бала өзінің қызығушы­лығына байланысты үш үйір­мені таңдай алады. 

Сонымен қатар орталықта ата-аналарға кеңес беріледі.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы