Қазақстан • 09 Қараша, 2017

Астанада сот жүйесінің сапасын арттыратын семинар өтті

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттырудағы қазақстандық биліктің қолдауы» атты халықаралық семинар аяқталып, жиынға қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мен Еуропа Кеңесі бірлесе ұйымдастырды.

 

Астанада сот жүйесінің сапасын арттыратын семинар өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым, Қазақстандағы Еуропа кеңесінің ұлттық үйлестірушісі Лейла Жданова және халықаралық сарапшылар, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиация орталықтарының басшылары қатысты. 

Қорытынды басқосуда семи­нарға қатысушылар тренингтің тиім­ділігін айтып, мұндай шара­лардың «Рухани жаңғыру» аясын­да атқарылып жатқан игі іс еке­нін жеткізді. Сондай-ақ, жиын­ға қатысушылар өздерінің ұсы­ныс­тары мен тілектерін білдірді.

ҚХА Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай мұндай семи­нар-тренингтердің пайдасы мол екенін атап өтті. Оның айтуын­ша, еліміздегі сот билігі мен құ­қық қорғау органдары түйткілді мәсе­лелерді терең түсініп, бірлесе әрекет етуге ынталы. 

Семинарды Еуропа Кеңе­сінің сарапшысы, Карлос атын­дағы Мадрид универси­тетінің профессоры Хелена Солето және Ис­пания сот жүйесі Бас кеңесінің мүшесі Анна Кар­раскоза жүр­гізді. Сарап­шы­лар тренинг бары­сында өз­дері әзірлеген оқыту жүйесі бойынша дәріс оқыды. Өз кезе­гінде, еуропалық мамандар әзір­леген жаңа білім курсы Жо­ғар­ғы сот жанындағы сот төре­­лігі Академиясына және Құқық қорғау органдарының академия­сына ұсынылмақ. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»