Астанада Ататүрік фотокөрмесі ашылды

Бүгін бауырлас ел Түркия Республикасының негізін қалаған және оның тұңғыш президенті болған ірі реформатор қайраткер Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден озған күні. Осыған орай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ататүрікке арналған фотокөрме ашылды.

Егемен Қазақстан
10.11.2017 2879
2

Көрменің ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің халықаралық байланыс және инновациялар жөніндегі проректоры Баубек Сомжүрек, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина және басқа да көптеген ғалымдар мен студенттер қатысты.

Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман аталған шараның қос елдің мәдени байланыстарын нығайта түсуде маңызы зор екенін, туысқан түрік елі тарихи бастауында тұрған тұлғаны «ұлы Ататүрік» деп ұлықтайтынын, Елбасымыз да өз сөзінде Мұстафа Кемал Ататүрік тұлғасының бауырластықтың нышанына баланатынын әр кез айтып жүретінін жеткізді.

Ататүрік фотокөрмесі

Ал Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі екі елдің арасындағы ынтымақты қарым-қатынастың кеңейе беретіндігіне тоқталып: «Бүгін біз XXI ғасырдың ұлы тұлғасын және түрік тарихының тұғырлы тұлғасын еске алу үшін жиналып отырмыз. Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқайдың «Біз бәріміз Мұстафа Кемал Ататүрікке қолдау білдіруіміз керек. Соның жанынан табылуымыз керек. Себебі Түркия жеңіске жетсе, онда түркі әлеміне үлкен жол ашылады» деп айтқан сөзі бар. Шын мәнінде, Атүрік самұрық сияқты күн астында жаңа мемлекет құрып қана қойған жоқ, бүкіл шығыс халықтарына, мұсылман әлеміне, түркі дүниесіне үлкен үміт сыйлады. Ататүрік жаңадан құрылған мемлекетке түрік атауын берді. Құрылған күннен бастап түркі әлеміне деген өзінің үлкен ықыласын білдірді. Мұстафа Шоқай, Зәки Уәлиди Тоған, Мамед Эмин Расулзаде және өзге де көптеген қайраткерлер сияқты ортақ тарихи сана қалыптастыруға ұмтылды. Латын әліппесін қабылдап, түркі әлемін жақындастыруға әрекет жасады. Сондықтан Түркия ұлы мәжілісі де «Ататүрік – түркілердің атасы» деген ат берді», деді.

Көрмеге қойылған фотолар Ататүріктің өзі негізін қалаған екі ұйымның бірі «Түрік тарихы ұйымының» архивінен алынған екен. Астаналықтар мен қала қонақтарына көрмеде тарихи маңызы зор 40 фото ұсынылды. Фотосуреттер арасында көпшілікке таныс емес сирек суреттер де қойылған. Әсіресе, 1928 жылы 20 қыркүйекте Кайсериде түсірілген Гази Мұстафа Кемалдің жаңа латын әліпбиін тақтаға жазып, халыққа үйретіп тұрған фотосы көпшілік назарына ілікті.

Шара соңында Юнус Эмре орталығында түрік тілін үйренушілер Ататүрік туралы қазақ және түрік тілінде жыр оқып, қайраткердің қарындашпен салынған портретін мәртебелі қонақтарға тарту етті. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы бастамашы болған айтулы шараға Түркияның Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсетіп отыр.

Ататүрік өзі құрған Түркия мемлекетін заманауи және зайырлы ұлттық мемлекетке айналдыру мақсатымен үлкен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформаларды жүзеге асырды. Соның ішінде араб әліпбиінің орнына латын әліпбиіне көшу реформасы өте қысқа мерзімде Ататүріктің басшылығымен жүзеге асырылған болатын. Бұдан бөлек мыңдаған ақысыз мектептер ашылып, әйелдер тұңғыш рет азаматтық және саяси құқықтармен бірге сайлау және сайлану құқына ие болған себепті жеңіске бастаған реформатор ретінде Түркия халқы ерекше құрмет тұтады.

Ая ӨМІРТАЙ,

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу