Бокс • 12 Қараша, 2017

Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) Юниондейлдегі Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) - Луис Ариас (18-0, 9 КО) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы америкалық Агустин Маурас (6-3-3, 3 КО) болды. Алты раундтық жекпе-жектің бесінші раундында Ниязов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Димаштың кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі болды. Отандасымыз әлі жеңіліп көрген жоқ. Алдағы кездесулерінде жеңіс туын желбірете беруіне тілектеспіз.

 

Соңғы жаңалықтар