Трамптың Азия елдеріне сапары. АҚШ аймақтағы ықпалын күшейте ала ма?

АҚШ президенті Дональд Трамп­тың сапары 12 күнді қамтиды деген мәлімет бар. Ретімен айтар болсақ, ол қарашаның алғашқы онкүндігінде Жа­понияда, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытайда болды. Енді сапарын Вьетнам және Филиппин мемлекеттерінде жалғастыруда. 

Егемен Қазақстан
13.11.2017 2857
2

АҚШ президентінің Азия-Тынық мұхиты өңіріне сапары барысында әлемдік қоғамдастыққа ортақ өткір мәселелер қарастырылады деп күтілген болатын. Оның ішінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен ядролық сынақтары да бар. Осы жылдың сәуір айын­да Қытай төрағасы Си Цзиньпин өзінің АҚШ-қа барған сапарында Д.Трампты Қытайға сапармен келуге шақырған болатын. Сарапшылар Д.Трамп­тың Азия мемлекеттеріне осы сапа­ры АҚШ-тың одақтастары және серік­тес­терімен байланысты реттеп, АҚШ-тың аймақтағы көшбасшылыққа ұмты­лысын нығайта түседі дегенді айтады.

Құрама Штаттар басшысы алдымен Жапонияға ат басын тіреді. АҚШ президенті мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кезде­суден кейінгі ақпараттар бойынша, Трамп АҚШ-та өндірілген әс­кери мақсаттағы қару-жарақтарды сатып алу ниетін білдірген. Бұл қару-жа­рақ­тар Солтүстік Кореяның биылғы жылы Жапон аралдарының үстімен ұшып өткен зымырандарын атып түсіруге қауқарлы екен. Президент пен премьер-министрдің өткізген бас­пасөз мәслихатында аталғандай, Жа­пония­ның АҚШ-тың әскери техникаларын сатып алуы екі жаққа да тиімді. Себебі бұл Жапонияның қауіпсіздігін қорғауды қамтамсыз етеді.

Ал Жапония премьер-министрі америкалық қаруларды сатып алуды арттырудың жолын қарастыра­тын­дарын, қолданыста тұрған қазіргі қорғаныс жүйелерін жақсартуға мүдделі екендерін айта келіп, озық үлгідегі ауыр әскери техникаларды сатып алу жоспарларының бар екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Жапонияның әскери әлеуетін цифрлы әрі сапалық тұрғыдан нығайтуға күш салатынын да жеткізді. Америкалық және жапониялық делегация екі елдің сауда-экономикалық ын­ты­мақтастығын тереңдетуге де мән берген.

Осы тұста Солтүстік Кореяның ядро­­лық қаруына байланысты АҚШ өкілінің де пікірін келтірейік. «КХДР-дың проблемасын шешу аяқталып қал­ды. Солтүстік Корея бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Барлық елдер осы қатерге қарсы тұруы қажет. Пре­зи­дент осыған шақы­рып отыр», деп мәлімдеді АҚШ прези­денті­нің қауіп­сіздік жөніндегі кеңесшісі Гер­берт Мак­мастер журналистерге. Сондай-ақ, Дональд Трамптың Азияға сапарының мақ­саты Корей түбін­дегі халықаралық қауіп­сіздікті нығайту екенін де атап өткен.

Қарашаның ортасында өтетін АТЭЫ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездеседі деген ақпарат тарады. Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, президенттер аса өткір мәселелер жөнінде пікір алмасады. Оның ішінде Корей түбегіндегі проблема да бар. Д.Трамптың сөзіне тоқтала келіп, ол АҚШ басшысының КХДР-мен жағ­дайды жақсартуға ықыласты екені бай­қалатынын атады. Мына мәселеге де тоқтала кетсек дейміз. Қытайлық туроператорлар Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға туристер апаруды уа­қытша тоқтатқан. Мұндай шектеуге АҚШ президенті Д. Трамптың Қытайға сапармен келуі себеп болса керек.

Туризм Солтүстік Корея үшін аз ғана табыс көзінің бірі саналды. Бұл мемлекетке келетін туристердің 80 пайыздан астамын қытайлықтар құрайды. КХДР-ға халықаралық санкция салынғаннан бері олардың көмір, теңіз өнімдерін, тоқыма бұйымдарын экспорттауы едәуір азайған. Бұған дейін болжағандай, Д.Трамп Қытайға сапары барысында Қытай билігін Ким Чен Ын режіміне қысымды күшейтуге шақырған сияқ­ты. Кейбір дереккөздер бойынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ президентімен кездесуіндегі басты мәселенің бірі – Пхеньянның ядролық бағдарламасы болған.

Осының алдында Д.Трамп Солтүс­тік Корея билігі келіссөзге отырып, ядролық қару жасаудан бас тартуы тиіс деп мәлімдеген болатын. Оның үстіне ол дүние жүзінің елдерін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған қарарды орындауға және Солтүстік Кореямен сауда-экономикалық қатынастар жасау­ды тоқтатуға шақырған еді. «Барлық мемлекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құжатын орындауы тиіс, Солтүстік Кореямен сауда және бизнес жүргізуді толық тоқтатуы қажет», деген еді Д.Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесуден кейінгі бір­лескен баспасөз мәслихатында. Со­нымен бірге ол «елдер әскери қи­мыл­дан басқа бар­­лық құралды пайдалана отырып, Сол­түстік Корея проб­лемасының ше­ші­луіне жұмыс істеуі ке­рек», – деп атап өтті.

АҚШ президентінің бұл мәлімдеме­леріне Ким Чен Ын бастаған Солтүстік Корея билігі құлақ асатындай сыңай танытпады. Бұл сапарға Солтүстік Кореянын ең жоғары басшысының бірі Ким Жоң Ун да ерекше назар аударып отыр. Өйткені Д.Трамп алдымен Жапонияға барды, одан кейін Оңтүс­тік Кореяға, кейін Қытай еліне барды. Аталған осы үш мемлекет те Қытайдың ірі сауда серіктестері. Бұған қоса бұл елдер Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қарсылық танытып келеді. Екіншіден, АҚШ президентінің сапары оның Азия мемлекеттеріне жасаған сапарының сәтті немесе сәтсіз болуымен тікелей бай­ланысты. Осы сапарда, тіпті ол Солтүс­тік Кореяға қарсы қысымды арт­тырып, күш қолдануды ұсынуы да мүм­кін. Ал Азияның елдері осындай ұсы­нысты қолдай ма, жоқ, қолдамай ма? Бүгінде ешкімнің ядролық соғыс өртін көргісі келіп отырған жоқ. Оның зардабы қандай екендігін Қазақстан халқы жақсы біледі.

Ал сәрсенбі күні Қытайға мемлекет­тік сапармен келген АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзинь­пинмен кездесті. Мемлекет бас­шы­ларының кездесуі Бейжіңдегі «Жабық қала» сарайының «Гугун» музей кеше­нінде өткен. Қытайдың орта­лық теле­­ди­дарының хабарлауын­ша, кездесуге президенттердің зайып­тары да қатыс­қан. Кейін белгілі болғанындай, тарап­тар екі елдің сауда-экономикалық ынты­мақ­тасты­ғын дамытумен қатар, Корей түбегіндегі проблема­ларды реттеуге де ерекше назар аударған.

«Біз шұғыл іс-әрекет жасауымыз қа­жет. Қытай өзгелерге қарағанда, бұл про­блема бойынша шұғыл және тиімді іс-әрекет етеді деп үміттенемін», деп мә­лімдеген Д.Трамп С.Цзиньпинмен кездесуде. АҚШ президенті, сондай-ақ Қытай басшысын аталған проблемамен мықтап айналысуға шақырған. Бұған қоса ол Ресей президенті Владимир Пу­тин­нен де осы мәселенің шешілуіне кө­мектесуді өтінген.

Жалпы, АҚШ президентінің «өктем сөйлеуі» алғашқы күндердегідей емес, бәсеңдеп қалған сияқты. Мәселен, ол Оңтүстік Корея парламентінде сөйлеген сөзінде КХДР басшысы Ким Чен Ынге АҚШ-тың «төзімділігімен ойнамауға» кеңес бере келіп, Пхеньян иеленгісі келіп отырған ядролық қару Солтүстік Корея­ның қауіпсіздігін нығайта алмайтынын, ол елдің өзіне үлкен қауіп төндіретінін мәлімдеген болатын. «Бізді сынай бермеңдер», дегенді де қосып қойған еді. Дегенмен, президент егер Пхеньян баллистикалық зымыран жасау және оны сынауын тоқтатып, ядролық кешендерін тексеруге келіссе, онда Солтүстік Кореяның болашағы жарқын болатынына уәде берген-ді.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, сенбі күні Вьетнамның Данонг қала­сында АҚШ президенті Д.Трамп пен Ресей президенті В.Путин кездескен. Кездесуде тараптар Сирия бойынша бірлескен мәлімдемені мақұлдаған. Онда президенттер Сирияның тәуелсіздігіне және аумақтың тұтастығына ниетті екендіктерін білдіріп, жанжалды БҰҰ-ның қолдауымен Женева процесі аясында саяси жолмен реттеу қажеттігі аталған.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу