Тарих • 13 Қараша, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Туырлық, текеметі, сырмақ пенен,
Қазақтың тіршілігін жырлап келем.
Тулаққа салып қойып жүн сабаған
Салты да өткенімнің қымбат дер ем.


Басылған күзем жүннен байпағымен,
Бабамның аралаған байтағы кең.
Жиһазға көрік беріп жібек жүнмен,
Жаһанға өз болмысын айта білген!

 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»