Күрес • 13 Қараша, 2017

Самбодан әлем чемпионаты аяқталды

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Сочи қаласында самбо күресі мен әскери самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы sportpress.kz хабарлады.

Самбодан әлем чемпионаты аяқталды

Әлемнің 86 елінен келген самбошылардың қатарында Қазақстанның палуандары да қатысып, бақтарын сынаған болатын. Бұл жолы ел қоржынына көптен күткен алтын жүлде түсті. 62 келіде белдескен Есет Қуанов Сочи аспанында Қазақ елінің Әнұранын асқақтатты.

Есеттің алтын жүлдесінен басқа біздің палуандар 8 қола жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, Бейімбет Қанжанов (52 келі), Әлібек Зекенов (92 келі) және Гүлнұр Ерболова (52 келі) әлем чемпионатында үшінші орынға ие болса, әскери самбодан Райхан Мәди (100 келі), Амандық Асауұлы (62 келі), Темірлан Ихсанғалиев (82 келі), Болатбек Райымқұлов (52 келі) және Нұргелді Қиялбеков (68 келі) қола жүлдегер атанды.

Самбошылар әлем чемпионатының алдында Ақтөбе қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Сочиге осы жақтан жол тартқан болатын.