Білім • 14 Қараша, 2017

Қорқыт ата­ атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік университеті туралы не білеміз?

6398 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Бүгінде тәуелсіз мемлекет ретінде әлем танып отырған қазақстандық білім мен ғылымның да тамыры тереңде. Орта ғасырлардың өзінде қазақ топырағынан шығып, есімдері әлемге танылған әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ж.Баласағұн, т.б. ғұламалар артына өшпес мұра қалдырды. Осындай ұлы тұлғалардың арасында әлемдік озық ойдың иесі, түркі халықтарына ортақ тұлға Қорқыт атаның орны ерекше. Тұтас түркі халықтары үшін киелі мекен Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның, руханияттың терең тамырының бастауы Қорқыт баба өмір сүрген кезеңдермен тұспа-тұс келеді.  

Қорқыт ата­ атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік университеті туралы не білеміз?

Өзінің бастау бұлағын осыдан мыңдаған жылдар бұрын Платон академиясы, Аристотель ли­цейі, Александрия мұражайы сияқты Еуропа жоғары оқу орын­­дарының құрылуынан бас­тайтын университеттік білім берудің іргетасы Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қалана бастады. Алғашқы жиырма жылға жуық уақыт ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 12-ге жетті. Соның бірі корей халқын Қиыр Шығыстан жер аудару туралы КСРО Халық Комис­сарлары Кеңесінің 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысы бойынша Қызылорда қаласына көшірілген Қиыр Шығыс Корей педагогикалық институтының негізінде құрылған Қызылорда педа­гогикалық институты болатын. Бүгінгі Қорқыт ата­ атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің іргетасы осылайша қаланды. Көршілес Жамбыл, Оң­түстік Қазақстан, Ақ­төбе облыс­­­тарында жоғары білімді мұ­ға­лімдер даярлайтын оқу орындары болмағандықтан, Сыр өңірінде педагогикалық жоғары оқу орнының ашылуы сол кезеңде тарихи маңызы зор оқиға еді.

Құрылғанына 80 жыл толып отырған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситеті бабалардан мирас болып ғасырлар қойнауынан жеткен білім мен ғылымның бүгінгі мұра­гері десек болатындай. Осы­ жылдар ішінде университет мамандар даярлауда өзін­дік дәстүрі қалыптасқан ір­ге­лі жоғары оқу орнына айналды. Білім ордасының түлектері елі­міздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет атқаруда. Олар­дың арасында Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаттары, өнер және мәде­ниет майталмандары, ғылым мен спорт саңлақтары бар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабі­леттілігімен айқындалады. Сон­дықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауат­тылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажет алғышарттар қатарында.

Сол себепті «Цифрлы Қазақ­стан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақ­стандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қа­мы»,­ деп атап өткен болатын. Осын­дай ерекше талап еліміздің жо­ғары оқу орындарына үлкен жа­уапкершілік жүктеп отырғаны бел­гілі. Ол – Елбасымыз айтып өт­кендей, ғасыр талабына сай мамандар даярлап, парасатты тұлға тәрбиелеу.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік қандай да бір елдің сапалы бі­лімімен және ғылыми жетіс­тік­терімен бағаланады. Осы рет­те Сыр өңіріндегі білім мен ғылым ордасының оқытушы-профес­сорлар құрамы да нәтижелі еңбек етуде.

Үздіксіз білім беруді жүзеге асыру мақсатында университет­те көп сатылы оқыту жүйесі қалып­тасқан. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша бі­лім беру қызметі 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жос­парының алты бағыты бойынша жүзеге асырылу­да. Университет негізінен Қы­зыл­орда облысына және Қазақ­стан­ның оңтүстік, оң­түстік-батыс өңір­леріне мамандар даярлауды жүзеге асыратын бол­ғандықтан стратегиялық даму жоспарында жергілікті жерге қажетті мамандар сұранысы мен Қызылорда облысының индус­триялық-инновациялық даму жағ­дайы ескерілген.

Аймақтың білім, мұнай-газ ісі, құрылыс, электр энергетика­сы, ауыл шаруашылығы және бас­қа салаларын қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдан бастап жыл сайын Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен облыс әкімінің білім гранттары бөлініп келеді. Биылғы оқу жылының өзінде 145 білім гранты бөлініп, оған отбасы жағдайы төмен, білім көрсеткіші жоғары талапкерлер ие болды.

2016-2017 оқу жылында «Құ­ры­лыс» және «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрас­тырмаларының өндірісі» мамандықтары бойынша доктор­лық диссертациялық кеңес жұ­мы­сын бастады. Қызылорда облы­сының индустриялық-ин­новациялық дамуын ескере оты­рып, 2016-2017 оқу жылынан бастап «Бейорганикалық зат­тардың химиялық технология­сы», «Органикалық зат­тардың хи­миялық технологиясы», «Ақпа­раттық қауіпсіздік жүйе­лері» ма­ман­­дық­тары бойынша бакалавр­лар даяр­лау қолға алынды.

Қазіргі кезде университет­ ба­ка­лавриаттың – 60, магис­трат­у­раның – 30, PhD докторан­тураның 9 мамандығы бойынша мамандар даяр­­лайды. Іргелі ұжымда 30 ғылым докторы, 240 ғылым кандидаты, 15 философия докторы, 195 магистр қызмет атқарады.

Соңғы бес жыл көлемінде университет ғалымдары өнертабысқа 75 патент алды, 54 монография, 5432 ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде 590 ғылыми мақала халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарық көрді.

Білім және ғылым минис­тр­лігінің 2018-2020 жылдарға арнап жариялаған ғылыми және ғы­лыми-техникалық жобаларды грант­тық қаржыландыру конкурсына университет ғалымдары 37 жоба ұсынды. Оның 6 табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, 2 энергетика және машина жасау, 3 ақпараттық-теле­ком­му­никациялық және ға­рыш­­тық технологиялар, 3 өмір және денсаулық туралы, 17 «Мәңгілік Ел» ғылыми не­гіз­дері, 6 агроөнеркәсіптік ке­шеннің тұрақты дамуы және ауыл­­шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі бағыттары бойынша. Бұл ғалымдарымыздың елімізде бекітілген ғылым дамуының басым бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізетінінің айқын көрінісі.

Университеттегі жас ғалым­дар­дың арасында нәтижелі ең­бек етіп жүргендері де аз емес. «Физика-химиялық талдау әдіс­тері» инженерлік бейіндегі зерт­хана жетекшісі, химия ғылым­дарының кандидаты Н.Аппа­зовтың «Инновациялық технология бойынша мұнай құ­рам­ды қалдықтарды өңдеу» тақы­рыбындағы жобасы «Ғылым қоры» АҚ-тың 2017 жылға арнап жариялаған «Ғылыми және ғы­лыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қар­жы­ландыру» конкурсының жеңім­пазы атанды.

Агробиологиялық және қол­­­­дан­балы зерттеулер ғылы­ми­­ ор­талығы экологиялық таза­ өнім алу технологияларын­ жетіл­ді­румен, сондай-ақ орындал­ған ғылыми-зерттеулерді өндіріске енгізумен айналысады. Бұл жерде «Қазақ картоп және көкөніс шаруа­шылығы» ҒЗИ, «Қазақ өсім­діктерді қорғау және карантин» ҒЗИ-мен және «Пчан Бақ­ша­ шаруашылығы» ҒЗИ-мен (ҚХР) бірлесіп «Отандық және шет­елдік селекцияның көкөніс-бақ­ша дақылдарының сұрыптары мен гибридтерін эко­логиялық сұ­рыптық сынау»; «Қылқан жапы­рақты және сән­дік ағаштарды аудан­дастыру» тақырыптары бо­йын­ша ғы­лыми-зерттеу жұмыс­та­ры ұйым­дастырылды.

Қазіргі заман талабы – үштілді білім беру. Әлемдік нарықта бә­секеге қабілетті мамандар даяр­лауға да қойылатын басты талап осы. 2012 жылдан бастап университетте бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша көптілді білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «5 институттық реформасын іске асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 79-қадамына сәйкес мамандардың бәсекеге қабілеттігін жетілдіру, оқытушы-профессор құрамының әлеуетін арттыру мақсатында 2015-2016 оқу жылында 9 ай мерзімде 310 адам, оның ішінде 111 оқыту­шы, 18 докторант, 149 магис­трант, 32 студент «Eurospeak» ха­лық­аралық мектебінің ағыл­­шын тілін үйренудің терең­детілген курсынан өтті. Курс­тарды Ұлыбританиядан келген лингвист-оқытушы Грэм Банкрофт және АҚШ-тан келген филолог-оқытушы Роуэн Вагнер жүргізді. ЖОО-да үш­тіл­ді білім беру бағдарламасы ма­­ман­дықтарының жұмыс оқу жос­парларындағы пәндердің 50%-ы мемлекеттік тілде, 20%-ы орыс тілінде, 30%-ы ағылшын тілінде оқытылады.

Қазақ тілін өркениет талабына сай жаңғырту – өмірдің өзі ұсынып отырған қажеттілік. Жан-жақты ойланып жасалған әліпби ғана қазақ тілін дамытып, қолданыс аясын кеңейтіп, әлем тілдерінің қатарына қосады. Бүгінгі күні әлем елдерінің басым көпшілігі латын әліпбиін қолданады. Яғни, жаңа әліпби бізге алдыңғы қатарлы ғылым мен озық білімнің мол қазынасын игеруге жол ашады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер шеші­міне үн қосып, қолдау біл­діру әрбір қазақстандықтың аза­маттық парызы деп білеміз. Бұл тұрғыда университет ғалымдары бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің ой-пікірлерін білдіріп, ғылыми тұжырымдарын ортаға салуда.

Өткен 2016-2017 оқу жылында университеттің 31 мамандығының 104 студенті респуб­ликалық студенттік пән­дік олимпиадаларға қаты­сып, жүлделі орындарға ие болды.­ «Мұнай- газ ісі», «әлеу­меттік жұмыс», «химия» маман­дық­тарының студенттері алдың­ғы жүл­делі орындар иеленді.

Облыс аумағындағы мәдени, әдеби, тарихи мұраларды зерделеу және отандық тарихтың өзекті мәселелеріне арналған зерт­теулер жүргізу міндеттерін уни­верситетте «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ, «Архео­логия және этнография» және «Мұс­тафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталықтары, «Елбасы жән Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көр­ме залы және «Мәңгілік Ел» орталығы орындайды. Бұл тұр­ғыда «Археология және этнография» орталығының жетістіктері елеулі болып отыр. Орталық қызметкерлері Ресей ғылым ака­демиясының Н.Н.Миклухо-Ма­к­­лай атындағы Этнология және антропология институты және Ә.Х.Марғұлан атындағы архео­логия институтымен бірлесіп Сырдария өзенінің төменгі жа­ғындағы ортағасырлық қала­шықтарға археологиялық қазба­ларды жалғастыруда және Қы­зыл­орда облысы аумағында орна­ласқан мәдени-тарихи объек­тілерге ғылыми сараптама және төл­құжаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстанның 20-дан астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Профессор-оқытушылар мен білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы халық­аралық Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және басқа да бағ­дарламалар арқылы жүргі­зіледі. Айта кету керек, сырт­­қы академиялық ұтқырлық бағ­­дарламасын университеттің оқу және ғылыми үдерісінде жү­зеге асыру үшін шетелдік ға­лымдар шақырылуда.

Алға қойған мақсатта­ры­мыз­дың ең маңыздысы өңірдің ақ­параттық технология саласын дамыту мен осы сала мамандарын даярлау болып саналады. Осыған жету үшін «КазРоботикс» қазақстандық роботты техника федерациясымен робот саласы бо­йынша бірлесіп ма­мандар даярлау мақсатында меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда бейінді кафедралар студенттеріне «Роботты техника» бағыты бойынша курс­тар жүргізілуде.

Университетте «E-Univer» ав­­то­­маттандырылған жүйесі жұ­мыс жасайды. Компьютерлік бағ­­дар­ламалармен қамтамасыз ету­ бөлімі мамандары жасаған бұл жүйеде ректорат, құрылым басшыларының блогтары; деканат, кафедра, оқытушы, студент, талапкер ақпараттық жүйе­ле­рі; электронды кітапхана, элек­тронды құжат айналымы; ашық білім беру ресурстары және мем­­лекеттік онлайн қызмет көр­се­ту жұмыстары толық қам­тыл­ған. Барлық құрылымдық бө­лім­­дердің қызметі мен олардың мәліметтер қоры толығымен ав­то­маттандырылған. 2017 жыл­дың 11 тамызында Сүлеймен Демирель университетімен бірлескен CISCO академиясы ашылды.

Барлық оқу ғимараттары мен­ студенттік жатақханаларда Wi-Fi желісі орнатылған. Ком­пью­­терлік техникалық парк­тегі 1100 компьютердің барлы­ғы­ жоғары жылдамдықты ин­тер­­нет желісіне қосылған. Бү­гін­­гі күні университеттің 64 ма­ман­дандырылған зертханалары бар, оларда оқу және ғы­лы­ми жұмыстарға арналған қон­­дыр­ғылар мен жабдықтар ор­на­тылған, 3 цифрлы тілдік зертхана, компьютерлік жобалау ор­талығы жұмыс істейді.

Университетте Қызылорда об­лысының, жалпы ғылым мен­ техниканың басым даму ба­ғыт­тары бойынша, сондай-ақ­ оқу орнында жұмыс істеп тұр­ған ғылыми мектептері мен бағыттарын кадрлар әлеуетімен қамтамасыз ету үшін теориялық зерттеулер, сынамалық және қолданбалы жұмыстар жүр­­гізуге қажетті жоғары білікті ғы­лыми-педагогикалық мамандар даяр­лауда мақсатты жұмыстар жүргі­зіледі.

Тәрбие және мәдени-көп­ші­­лік жұмыстары рухани құн­ды­лықтарымызды бойына сіңір­ген, өзінің жеке білімдік және шы­ғармашылық әлеуетін елдің игілігіне ойдағыдай іске асыра алатын жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында «Та­бысты болудың ең іргелі, бас­ты­ факторы білім екенін әркім те­рең түсінуі керек. Жастарымыз ба­сымдық беретін межелердің қа­тарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құн­дылықтар жүйесіндегі білімді бә­рінен биік қоятын ұлт қана та­бысқа жетеді», деп адам өмі­ріндегі білімнің маңызын айтып­ көр­сеткен болатын. Бүгінде 80­­ жылдық мерейлі мерекесін атап өтіп отырған университет­ ұжы­мының басты мақсаты да «құн­дылықтар жүйесіндегі бі­лім­ді бәрінен биік қоятын» жас ма­манды тәрбиелеу.

Қылышбай БИСЕНОВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы