Әлем • 16 Қараша, 2017

Жерге ұқсас жаңа планета табылды

2505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар жерге өте ұқсас және тіршілік иесінің өмір сүруіне қолайлы жаңа планета тапқанын мәлімдеді. 

Жерге ұқсас жаңа планета табылды

«Росс 128 б» деп аталатын жаңа ғаламшардың ғалымдарды қызықтыруының себебі көп. Біріншіден, оның көлемі жермен бірдей. Екіншіден, «Росс 128 б» күн жүйесінен 11 жарық жылына тең қашықта орналасқан. Яғни, жаңа экзопланета тым алыста емес. Үшіншіден, ғаламшар өмір сүруге қолайлы белдеуде орналасқан.

Зерттеушілердің айтуынша, экзопланетаның температурасы жерге өте ұқсас болуы ықтимал. Сондықтан, онда тіршілікке ыңғайлы жағдай жасалған. Жаңа ғаламшар өз орбитасын 10 тәулікке жуық мерзімде айналып шығады. Оны жылумен қамтамасыз етіп тұрған «Росс 128» қызыл ергежейлі жұлдызына жатады.

Әйтсе де, «Росс 128 б» жерге ең жақын экзопланета емес. Центавр Проксимасын айналып жүрген «Проксима б» ғаламшары жерден 4,2 жарық жылына тең қашықта жатыр. Алайда астрономдар жұлдыздардың бір-бірінен қашықтап бара жатқандықтан, 79 000 жылдан кейін «Росс 128 б» күн жүйесіне ең жақын ғаламшарға айналатынын айтып отыр.

Жаңа планета туралы егжей-тегжейлі ақпарат Astronomy & Astrophysics журналына жарияланды. Оны HARPS деп аталатын жаңа технология арқылы анықтаған. Бұл жұмыспен айналысуға әлемнің бірқатар озық университеттерінің ғалымдары мен профессорлары ат салысты.