Теннис • 16 Қараша, 2017

Жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Теннис орталығында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан келген 64 теннисші қатыспақ. Дүбірлі доданың ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан теннис федерацисының атқарушы директоры Юрий Польский жасөспірімдер жарысының маңыздылығына тоқталды.

Жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды

"Жасөспірімдер теннисіне көп көңіл бөліп жүрміз. Жақында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық Азия чемпионатын өткіздік. Бұған "Балам-подрос" шоу-турнирін қосыңыз. Енді міне ел біріншілігін ұйымдастырдық. Федерация тарапынан басқа да жарыстарды өткізуге дайынбыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін", деді Юрий Польский.

Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі 18 қарашаға дейін жалғасады.

Еркебұлан Жомарт