16 Қараша, 2017

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті

Ұлттық комиссия Үкіметтің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі мақсаты — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеп бекіту, жұмыс барысын үйлестіру және оның сапалы орындалуына бақылау жасау.

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына төрағаның орынбасары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Парламентінің, жоғарғы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Комиссияның жұмыс органы – ҚР мәдениет және спорт министрлігі.

«Латын әліпбиіне көшу — еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға. Елбасы айтқандай, халқымыз сан мың жылдық тарихында ешқандай сыртқы ықпалсыз, өз еркімен, жалпыхалықтық талқылаумен, тұңғыш рет әліпбиін ауыстырып отыр. Оны жүзеге асыру — біз үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Латын графикасына көшу бойынша негізгі жұмыс бағыттары жөнінде мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, қаржы министрі Б. Сұлтанов баяндама жасады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммед, дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т. Аяпова өз пікірлерімен бөлісті.

  • әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін біртіндеп көшіру көзделген. Бірінші кезең: 2018-2020 жылдарды, екінші кезең: 2021-2023 жылдарды, үшінші кезең: 2024-2025 жылдарды қамтиды.

Сонымен қатар апробациялық кезең, ұстаздар корпусын дайындау барысы, нормативтік құқықтық базаны жасау және жалпы жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу үрдісі Ұлттық комиссияның жіті назарында болады.