Қазақстан • 17 Қараша, 2017

Сайлаушылар тізімін жасау – ең жауапты іс

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елордада еліміздің Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалары кеңсесімен бірлесіп халықаралық байқаушыларға арналған «Сайлаушылардың тізімдерін жасаудағы халықаралық байқаудың ерекшеліктері» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Сайлаушылар тізімін жасау – ең жауапты іс

Оның жұмысына Аста­надағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсе­сінің өкілдері, ЕҚЫҰ Демо­кратиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, ор­талық мемлекеттік органдар, министрліктер мен ведомство­лар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері қатысты. Се­ми­нар-тренингке қатысушыларға Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конс­тантин Петров және ЕҚЫҰ-ның Ас­танадағы бағдарламалары кең­сесінің басшысы, елші Дьердь Сабо құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақстан Респуб­ли­касының Орталық сайлау ко­мис­сиясы әлеуетті бақылау­шылар тобын қалыптастыру бо­йынша жұмыстар жүр­гізуде. Осы мақсатта ОСК жыл сайын Астанадағы ЕҚЫҰ бағ­дар­ламалары кеңсе­сімен бірлесіп семинарлар өткізеді. Бүгінгі семинар сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелеріне арналған. Біз халықаралық стандарттарды, қалыптасқан жағдай және кейбір шет мемлекеттердің тәжірибелерін қарастырудамыз», – деп атап өтті К.Петров. Ал ОСК мү­шесі Марат Сәрсембаев сай­лау­шылардың тізімдерін қолдану тәртібін реттейтін халықаралық және  ЕҚЫҰ құжаттарының нормаларын түсіндірді. Семинарда, сон­дай-ақ «Сайлаушыларды тір­кеу – халықаралық стандарт­тар жә­не тәжірибе» тақыры­бын­да ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сай­лау жө­нін­дегі кеңесшісі Ра­ди­вое Груич­тің тұсаукесері өтті.

Семинар-тренинг жұмысы барысында қатысушылар сайлау күндерінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның миссиясы құ­ра­мында сайлаушылар тізі­мін жасау мен пайдалану­дың халықаралық байқаудың ерекшеліктерін де талқы­лады. Өзбекстан Республи­касындағы және Қырғыз Республикасындағы сайлауды байқауға қатысу, соның ішінде сайлау күндерінде сайлаушылар тізімдерін іс жүзінде қол­дану процесін байқау тәжіри­бесімен бөлісті.

Жиын соңында 2018 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис­сия­ларының құрамында байқау жүргізу тәжі­ри­бесін одан әрі жетілдіру жөнін­де пікір алмасылды. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51