Қазақстан • 17 Қараша, 2017

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2017 жылдың 18-20 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазақстанға Атлантикадан үлкен ылғал қорымен ауа массалары жылжыйды, сондық-тан демалыс күндері республиканың басым облыстарында кей жерлерде сулы қар, көктай-ғақ, тұман және күшті соқпалы жел күтіледі", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар батыстық тропосфералық ағындар біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысатын бо-лады және Қазақстанға Ираннан жылы ауа массалары түсе бастайды. Сондықтан жауын-шашындарға қарамастан, республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы 4-8 градус және шығысында 2-5 градус нормадан жоғары болып сақталады.