Аймақтар • 18 Қараша, 2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақтан облысында ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша орташа жалақы мөлшері 101 117 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы табыстары 45 530 теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 4,3 пайызға өскен. «2017 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша облыста іріктемеге түскен 3 393 үй шаруашылығы зерттелді. Нәтижесінде, облыс бойынша жұмыссыздар саны 62,6 мың адамды құрап, 2016 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 0,6 мың адамға кеміген. Осылайша жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрап отыр», - деді ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков.

Облыстық статистика департаментінің 10 айдағы мәліметі бойынша, өңірде инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 106,1% құраған. Бұл өз кезегінде өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7 пайызға төмен.

Бұдан бөлек, облыста азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 4,3 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайызға өскен. Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 5,8 пайызға қымбаттаған.