Қазақстан • 20 Қараша, 2017

Астанада операторсыз ХҚКО ашылады – Абаев

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада жаңадан ашылатын ХҚКО-да операторлар болмайтынын айтты.

Астанада операторсыз ХҚКО ашылады – Абаев

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Министрлік ең алдымен «электрондық үкіметтің» және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіру мен дамыту шараларын қолға алды. 

Үкімет сағатында сөз алған ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жақында Астанада мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырылған режимде орындайтын digital-ХҚКО орталығы ашылатынын айтты. Министрдің айтуынша жаңа цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына азаматтар қоғамдық пунктер, өзіне қызмет көрсету секторлары және арнайы стендтердегі планшеттер арқылы электрондық өтінімдерді бере алады. 

«Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің  621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы. Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде», - деді Дәурен Абаев.